4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +11°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Қоғам

САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ҰЛТТЫҚ ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ЕКІ ЖАҢА МЕКТЕП АШЫЛДЫ

1-қыркүйек – Білім күні қарсаңында Сарыағаш ауданында 900 оқушыға арналған екі жаңа мектеп өз есігін ашты. Бұл білім ұялары Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында бой көтерген.
Жаңа оқу жылына орай пайдалануға берілген нысандар – №80 жалпы білім беретін мектеп және Жаскешу елді мекеніндегі №37 Бейімбет Майлин атындағы мектеп. Ашылу салтанатына Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев, облыстық мәслихат депутаты Алмас Салимов пен Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев және аудандық мәслихат депутаттары Шермат Ибрагимов, Қайрат Жүсіпов және Әшімхан Баратовтар қатысып, ұстаздар мен оқушыларды жаңа оқу жылымен құттықтады.
Екі қабатты мектеп ғимараттары заманауи стандарттарға сай салынған. Мұнда оқушылар үшін кең әрі жарық сыныптар, толық жабдықталған шеберханалар, кітапхана, акт залы, спортзал, асхана және медициналық пункт қарастырылған. Сондай-ақ қауіпсіздік мақсатында бейнебақылау жүйесі орнатылған.Мектеп құрылысы «Samruk-Kazyna Construction» АҚ тапсырысымен «Арт-құрылыс» ЖШС тарапынан жүргізілген.
Айта кетсек, «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында Түркістан облысында жалпы 29 мектептің құрылысы жоспарланған. Өткен оқу жылында оның 13-і пайдалануға берілсе, биылғы жаңа оқу жылында тағы 8 жаңа мектеп пен 2 жалпы орта білім ошағы оқушыларды қабылдайтын болады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *