7 қазан 2026, сәрсенбі ☀️ Түркістан +8°C
  • USD 453,65
  • EUR 509,99
  • CNY 67,66
  • RUB 5,31
Жедел
Казахстан становится логистическим хабом Евразии Қасым-Жомарт Тоқаев: кітап білімпаздыққа, жанашырлыққа, парасаттылыққа, еңбекқорлыққа баулиды ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «AQ-DALA -2026» САЛТАНАТТЫ ІС-ШАРАСЫ ӨТЕДІ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 300 МОДИФИКАЦИЯЛЫҚ ПӘН КАБИНЕТІ ЖАБДЫҚТАЛДЫ Қасым-Жомарт Тоқаев Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саидты «Алтын қыран» орденімен марапаттады Қазақстан Республикасы мен Оман Сұлтандығы арасындағы бірлескен мәлімдеме Оман Сұлтаны қонақжайлық танытқаны үшін Мемлекет басшысына алғыс айтты САПАЛЫ БІЛІМ – ӘР БАЛАҒА БІРДЕЙ МҮМКІНДІК
Басты жаңалықтар

САПАЛЫ БІЛІМ – ӘР БАЛАҒА БІРДЕЙ МҮМКІНДІК

Түркістан облысында білім сапасын арттырумен қатар, қала мен ауыл мектептері арасындағы алшақтықты азайтуға басымдық берілуде. Басты мақсат – оқушының қай елді мекенде тұратынына қарамастан, сапалы білім алуына және қабілетін толық ашуына жағдай жасау.
Өңірде өткен оқу жылында 1 106 мектепте 554 973 оқушы білім алды. Білім беру ұйымдарының 87 пайызы ауылдық жерлерде орналасқан. Сондықтан ауыл мектептерінің әлеуетін арттыру, педагогтерге әдістемелік қолдау көрсету және заманауи білім ресурстарына қолжетімділікті қамтамасыз ету өзекті міндеттердің бірі болып отыр.
Оқу-ағарту министрлігінің деректеріне сәйкес, облыстағы білім сапасы пәндер бойынша 69,4 пайызды құрап, бір жылда 1,2 пайыздық тармаққа өскен. Сонымен қатар қала мен ауыл арасындағы ішкі айырмашылық 1,9 пайызға дейін қысқарған. Білім беру жетістіктерін мониторингілеу нәтижесінде өңірдің орташа көрсеткіші 514 балл болып, республикалық деңгейден 16 балға жоғары болған.
Бұл нәтижелермен шектелмей, білім сапасын одан әрі жақсарту бағытында жүйелі жұмыс жүргізілуде. Атап айтқанда, әр аудан мен қалада білім сапасының нақты картасын қалыптастыру, үлгерімі төмен мектептерге нысаналы әдістемелік көмек көрсету және пәндік олқылықтарды ерте анықтау көзделген.
Білім сапасын арттыруда оқу мәдениетін қалыптастырудың да маңызы зор. Оқушылардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру, ақпаратты талдау, өз ойын дәлелдеу және алған білімін күнделікті өмірде қолдану дағдыларын дамытуға көңіл бөлінуде.
Басты ұстаным – баланың болашағы оның туған жеріне, отбасының әлеуметтік жағдайына немесе мектебінің орналасқан жеріне тәуелді болмауы керек. Әр оқушыға сапалы білім мен тең мүмкіндік беру – өңірдің білім жүйесі алдындағы негізгі міндет

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *