7 қазан 2026, сәрсенбі ☀️ Түркістан +8°C
  • USD 453,65
  • EUR 509,99
  • CNY 67,66
  • RUB 5,31
Жедел
Казахстан становится логистическим хабом Евразии Қасым-Жомарт Тоқаев: кітап білімпаздыққа, жанашырлыққа, парасаттылыққа, еңбекқорлыққа баулиды ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «AQ-DALA -2026» САЛТАНАТТЫ ІС-ШАРАСЫ ӨТЕДІ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 300 МОДИФИКАЦИЯЛЫҚ ПӘН КАБИНЕТІ ЖАБДЫҚТАЛДЫ Қасым-Жомарт Тоқаев Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саидты «Алтын қыран» орденімен марапаттады Қазақстан Республикасы мен Оман Сұлтандығы арасындағы бірлескен мәлімдеме Оман Сұлтаны қонақжайлық танытқаны үшін Мемлекет басшысына алғыс айтты САПАЛЫ БІЛІМ – ӘР БАЛАҒА БІРДЕЙ МҮМКІНДІК
Басты жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саидты «Алтын қыран» орденімен марапаттады

​Президент Оман Сұлтанының сапары тарихи сипатқа ие екенін тілге тиек етіп, оның екіжақты байланыстарға шын мәнінде серпін беретінін айтты.

– Оман – Қазақстанның араб әлеміндегі стратегиялық тұрғыдан маңызды әрі уақыт тезінен өткен сенімді серіктесі. Ынтымақтастығымыз отыз жылдан бері өзара сенім, түсіністік пен қолдау рухында өрбіп келеді. Бүгін Сізбен Астана төрінде жүздесіп, қарым-қатынасымызды елеулі тарихи деңгейге көтергелі жатырмыз. Бұл – Оман Сұлтанының Қазақстанға және Орталық Азияға жасаған алғашқы мемлекеттік сапары. Сондықтан мұны елімізге көрсеткен ерекше сый-құрметіңіз, сондай-ақ қос тараптың сауда-саттық пен өзара мүддеге сай келетін барлық салада ынтымақтастықты нығайтуға ниетті екенін білдіретін нышан деп білемін. Дәстүрлі мұнай мен газ секторын немесе көлік, логистика, цифрландыру, жасанды интеллект сияқты жаңа бағыттарды, сонымен қатар сауда байланыстары мен ауыл шаруашылығы өнімдерін жолға қою мүмкіндіктері жөнінде өзара ақпарат алмасуды осындай маңызды салалардың қатарына жатқызуға болады. Оман сияқты стратегиялық серіктесіміз болғанына қуанамыз. Біз де еліңіздің сенімді әріптесі болуға барынша күш саламыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы екіжақты қарым-қатынасты нығайтуға Сұлтан Хайсам бен Тариқ Әл Саидтің әрдайым ықыласты екенін атап өтті.

– Аса Мәртебелі Сұлтан, Сіз айтулы мемлекет қайраткерісіз. Ел басқару ісіндегі көреген ұстанымыңыз бен ұзақ жылдардан бері халқыңызға жасап келе жатқан қалтқысыз қызметіңіз зор құрметке лайық. Қазақстан халқы Сізді ерекше қадірлейді, сонымен қатар Оманды серіктес қана емес, достас әрі бауырлас ел деп атай алатынын мақтан тұтады. Сіздер стратегиялық мақсат қою арқылы мемлекетті гүлдендіріп, дамудың даңғыл жолына түсіруге болатынын дәлелдедіңіздер. Оны адам капиталына инвестиция құю, инновацияларды игеру және келешекке бағдарланған экономика құру қадамдарынан байқауға болады. Oman Vision 2040 бағдарламасы ұлттық болмыс-бітімді, елдің құндылықтары мен дәстүрлерін сақтай отырып, әртараптандырылған, бәсекеге қабілетті және орнықты экономика қалыптастыру жолындағы стратегиялық бағдарыңыздың дұрыс екенін көрсетеді. Көшелі көшбасшы, бейбітшілік сақшысы әрі парасатты тұлға ретінде Сіз дүние жүзіндегі көптеген жанды, танымал саясаткерлерді тәнті етіп келесіз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *