4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +11°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Uncategorized

​САЙРАМ: «ЯСАУИ КЕРУЕНІ» АЙМАҚТЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТАНЫМДЫҚ СЕМИНАРЫ ӨТТІ

Ауданда Қожа Ахмет Ясауидің рухани-философиялық мұрасын насихаттауға арналған «Ясауи керуені» ғылыми-танымдық семинары өтті.

Аталған іс-шараның мақсаты — Ұлы дала өркениетінің рухани темірқазығына айналған Қожа Ахмет Ясауидің өмірі мен ілімі арқылы имандылықты, ізгілікті, білімді, әділдік пен адамгершілікті насихаттау, оның мұрасын бүгінгі және келешек ұрпақтың рухани бағдаршамына айналдыру.

Семинарға ауданымыздың ақсақалдары мен әжелер, зиялы қауым өкілдері мен имамдар, түрлі сала өкілдері мен жастар қатысты. Олар мәні бөлек, мазмұны ерек іс-шарадан тағылымды дүниелер мен маңызды мағлұматтар алды.

«Әзірет Сұлтан» ұлттық тарихи-мәдени қорық-музейінің директоры Ерлан Дәкенов жүргізіп отырған іс-шарада алғаш облыстық дін істері басқармасының басшысы Рүстем Сабыржанұлы сөз алып, ұйымдастырылып жатқан бастаманың маңыздылығына тоқталды. Ал, профессор Досай Кенжетай, дінтанушы Сержан Оразбай, «Ясауитану» ғылыми-зерттеу институтының директоры Бауыржан Сайфунов және философия докторы Төлеген Мұхит баяндама жасап, Ясауи мұрасының тарихи-рухани мәні, ұлттық сана мен салт-дәстүр сабақтастығы туралы ой бөлісті. Баяндамаларын тарихи ақпараттар және тың деректермен толықтырды.

Жиын соңында аудан әкімінің орынбасары Сержан Дауылбайұлы мен аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Сиқымбай Уалиханұлы сөз алып, Ұлы ойшыл, түркі әлемінің рухани темірқазығы — Қожа Ахмет Ясауи бабамыздың ағартушылық-философиялық ілімін дәріптеуге арналған семинардың ұйымдастырушылары мен қолдаушыларына алғыс білдірді.

Сайрам топырағы – сансыз бабтар мекені, Қожа Ахмет Ясауидың кіндік қаны тамған жер. Ыбырайым ата мен Қарашаш ананың мәңгілік тыныс тапқан қасиетті алтын бесік. Бабамыздың рухани ізденістері мен алғашқы ағартушылық қадамдары дәл осы топырақтан басталған. Сондықтан «Ясауи керуенінің» Сайрамға ат басын бұруының тарихи да, символдық та мәні өте терең.

Кездесу барысында қатысушылар сұрақтарына жауап беріліп, ұсыныстар талқыланды.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *