23 қазан 2026, жұма ☀️ Түркістан +18°C
  • USD 447,94
  • EUR 502,32
  • CNY 67,12
  • RUB 5,52
Жедел
БН-350: как обезвреживают радиоактивные отходы бывшего атомного реактора в Мангистауской области Қазақстанда бөлшек және көтерме сауда көлемі өсті «Отаным десем, ойыма…» Republic Day и Bereke Fest: скидки на отдельные товары достигают 50% Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50%-ға дейін жеңілдік Накануне Дня Республики Президент подписал Указ о присуждении ряду граждан государственных наград   Президент Республика күні қарсаңында бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды Қазақстанның сауда кәсіпорындары Республика күніне орай арнайы ұсыныстар әзірледі
Басты жаңалықтар

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50%-ға дейін жеңілдік

Қазақстанда сатып алушыларға азық-түлік және азық-түлік емес тауарлардың кең ассортиментіне жеңілдіктер мен арнайы бағалар ұсынатын Republic Day және Bereke Fest республикалық акциялары жалғасуда.

Republic Day акциясына 232 сауда-ойын-сауық орталығы, сауда орталығы мен сауда үйі қосылды. Ал Bereke Fest акциясына 417 сауда желісі қатысуда. Екі акция да еліміздің барлық өңірін қамтиды.

Акциялар аясында тауарлардың әртүрлі санаттарына арнайы ұсыныстар қарастырылған. Жеңілдіктер мөлшері мен акцияларға қатысу шарттары нақты тауар түрлері мен сауда нысандарына байланысты. Жекелеген тауарларға 50%-ға дейін жеңілдік ұсынылады.
Екі акция ішкі сауданың әртүрлі форматтарын қамтиды. Republic Day – сауда-ойын-сауық орталықтарына, сауда орталықтары мен сауда үйлеріне бағытталса, Bereke Fest акциясы сауда желілерін қамтиды. Мұндай тәсіл мерекелік науқанның ауқымын кеңейтіп, кәсіпкерлердің акцияларға қатысуына қосымша мүмкіндік береді.

Акцияларға қатысатын сауда нысандарының толық тізімі мен мекенжайлары өңір әкімдіктерінің ресми интернет-ресурстарында жарияланған.

Республикалық акциялар 2026 жылғы 27 қазанға дейін жалғасады.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *