5 қараша 2026, бейсенбі ☀️ Түркістан +17°C
  • USD 452,91
  • EUR 509,43
  • CNY 67,87
  • RUB 5,53
Жедел
Большая стройка Большая стройка Большая стройка Налог на депозиты. Фейки продолжают распространяться несмотря на официальное опровержение Депозиттерге салық салынады деген ақпарат – жалған В КОСТАНАЕ ПРОШЛА ДИАЛОГОВАЯ ПЛОЩАДКА «QAZ TALKS» ПО ОСНОВНЫМ НАПРАВЛЕНИЯМ ПОСЛАНИЯ ПРЕЗИДЕНТА ҚОСТАНАЙДА «QAZ TALKS» АЛАҢЫНДА ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ Қатонқарағай тұрғындары жаңа әуежайды 20 жыл күткенін айтады
Басты жаңалықтар

ПОЛИЦЕЙЛЕР ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ МАҚСАТЫНДА ЗАМАНАУИ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУДА

Түркістан облысында полицейлер жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында заманауи технологияларды тиімді пайдалануда. Келес ауданында жүргізілген профилактикалық іс-шара кезінде дрон арқылы жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған жүргізуші анықталды.
Полиция қызметкерлері ұшқышсыз ұшу аппараты Жібек жолы – Жетісай трассасында Mitsubishi автокөлік жүргізушісінің қарсы бағытқа шыққанын тіркеді. 29 жастағы көлік жүргізушісі жол қозғалысының өзге қатысушыларына қауіп төндіретін әрекетке барған. Жүргізілген бақылау мұндай қауіпті фактілерді дер кезінде анықтап, жол-көлік оқиғасының алдын алуға мүмкіндік берді. Оған қатысты заңға сәйкес шара көріліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар рейдтік іс-шаралар барысында мас күйінде көлік басқару, заңсыз жолаушы тасымалдау, мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз көлік жүргізу және басқа да жол қозғалысы ережелерін бұзудың 65 фактісінің жолы кесілді. Жалпы профилактикалық жұмыстардың нәтижесінде 7 автокөлік арнайы тұраққа қойылды.
Полиция жол қозғалысына қатысушыларды жол ережесін қатаң сақтауға және өз қауіпсіздігі мен өзге азаматтардың өміріне жауапкершілікпен қарауға шақырады.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі
#ЗАҢМЕНТӘРТІП
#АДАЛАЗАМАТ

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *