Қазығұрт ауданының полицейлері аудан тұрғындарымен кең көлемде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында азаматтарға тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, құқықтық және психологиялық көмек алу мүмкіндіктері, сондай-ақ отбасы саласындағы қауіп-қатерлердің алдын алу жолдары түсіндірілді.
Сонымен қатар тұрғындарға 500-ге жуық ақпараттық жадынама таратылып, құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды. Аталған іс-шаралар «Қауіпсіз үй» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында өткізілді.
Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы профилактикалық жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табады.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі
ҚР Ішкі істер министрлігі / Министерство внутренних дел РК
ПОЛИЦЕЙЛЕР ТҰРҒЫНДАРҒА ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚОЛДАУ КӨРСЕТТІ