Ер адам жұбайын лифт ішінде соққыға жыққан
Нұрсұлтанда көп қабатты үйлердің біріндегі жеделсатыда ер адамның өз әйелін соққыға жығып, басынан тепкілеп, бірнеше мәрте ауыр жұдырық жұмсаған видеосы әлеуметтік желіге тарап кетті. Ерінен әбден езгі көрдім деген келіншек тұла бойы көкала қойдай көгеріп, тіпті 4 жерден сынғанын айтады. Ерлі-зайыпты Елордаға Шымкенттен жуырда ғана көшіп барған екен. Шаңырақ құрғалы бері көргенім осы қорлық деген…