4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +12°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады АЭС “Балхаш“: когда начнётся строительство и что нужно знать о будущем проекте «ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС» – ӘРБІР ӨҢІРДІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН СУ ҮНЕМДЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК ИНВЕСТИЦИЯ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРАТЫН ҚОЗҒАУШЫ КҮШ Глава государства принял основателя Network School Баладжи Шринивасана Юлия Кучинская: Рост городов должен сопровождаться развитием инфраструктуры Бота Елеусізова: Қазақстан жерасты суларының небәрі 3,5 пайызын пайдаланып отыр
Uncategorized

Елбасы күнінде елге еңбегі сіңгендер марапатталды 

Сауран ауданында 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне орай аудандық мәдениет үйінде «Дара тұлға – дана тұлға» тақырыбында мерекелік шара өтті. Шараға аудан әкімі Ғ.Рысбеков, аудандық мәслихат хатшысы М. Күнпейісов және аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Ахметов, зиялы қауым өкілдірі қатысты.

Мерекелік шарада аймақ басшысы айтулы мерекемен аудан тұрғындарын құттықтады. Сондай-ақ, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ профессоры, журналист Бекжігіт Сердәлі Елбасының өмір жолы мен еңбегі туралы мағлұматтар айтып, мерекенің маңыздылығына тоқталды.

Іс-шара барысында әртүрлі еңбек салаларында тер төгіп жүрген сала өкілдері Алғыс хаттармен марапатталды. Шара соңы концертке ұласып, аудандық өнерпаздар көпшілікке мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *