ТҮРКІСТАН: ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК МЕЦЕНАТТАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
Түркістан қаласындағы «Конгресс холл» кешенінде облыстық Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен және «Шығармашыл жастар» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Қайырымды іс – жан азығы» акциясы аясында жылдың үздік меценаттарын марапаттау рәсімі өтті. Бұл шара қайырымдылық жұмыстарын жандандырып, әлеуметтік жауапкершілігі жоғары азаматтарды қоғамға кеңінен таныту, олардың ізгілікке бағытталған еңбегіне қоғамдық бағасын беруге бағытталған. Салтанатты шараға қатысқан Түркістан облысының Қоғамдық…