Абаев Түркиямен және Катармен ынтымақтастық туралы бірқатар құжатқа қол қойды

Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоған мен Катар Әмірі шейх Тамим бен Хамад Әл Танидің Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында ынтымақтастық туралы бірқатар келісімдерге, соның ішінде мәдениет және спорт министрлігімен байланысты құжаттарға қол қойылды, деп хабарлайды BAQ.KZ. Бүгін Дәурен Абаев Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі мен Түркия Республикасының Мәдениет және туризм министрлігі арасында музей ісі,…

Read More

Реформалардың мәні – 4: Қуатты өңірлер – қуатты ұлт

Елімізде қазір іске асырылып жатқан реформалар өзінің ау­қым­­дылығымен ерекшеленеді. Шын мәнінде, қысқа мерзімде олар экономика мен саясаттан бастап бірегейлік мәселелеріне дейінгі ұлттық мүддені көздейтін барлық саланы қамтып үлгерді. Деген­мен әрбір жалпыұлттық реформаның мазмұнымен қатар, жүзеге асы­рылатын кеңістігі, яғни нақты орны болатыны белгілі. Ол орын – бір­тұтас елді құрайтын өңірлер екені анық. Себебі қолға алған реформалар…

Read More

Түркістан облысында ауқымды жол құрылысы жүріп жатыр

Түркістан облысы бойынша автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 17 692 шақырымды құрайды. Оның ішінде республикалық маңызы бар жолдар 678 шақырым болса, облыстық, аудандық маңызы бар жолдар – 3983 шақырым. Елді мекен көшелері 11305 шақырымды құрайды. 2025 жылы облыс аумағындағы автомобиль жолдары саласын дамытуға бюджеттен қаржы бөлініп, құрылыс-жөндеу жұмыстарымен жалпы 283 нысан немесе 1181,2 шақырым жол мен…

Read More

Түлкібаста балық шаруашылығы дами бастады

Түркістан облысы Түлкібас ауданында үш шаруа қожалық балық шаруашылығы кәсібін қолға алып, жасанды тоғандарға алғашқы шабақтарын жібере бастады. Негізінен балық шаруашылығымен айналысатын шаруаларға мемлекет тарапынан қолдау көп. Мәселен, балыққа берілетін жемнің 50 пайызы мемлекет тарапынан субсидияланады. Машат ауылдық округіндегі «Жеті үй» шаруақожалығында 15 мың дана сазан, дөнмаңдай (толстолоб), ақ амур балық шабақтары өсірілуде. Кәсіпкер Қайырғали…

Read More

Биыл 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

Жыл басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша, 2021 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша 12 501 адам тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алды. Олардың басым бөлігі (76%) Өзбекстаннан келді. Атамекеніне оралғандардың 9,8%-і Қытайдан, 6,8%-і Түрікменстаннан, 2,5%-і Моңғолиядан келген. Ал қалған 4,9%-і басқа…

Read More

КЕЛЕСТЕ ІРІ АУЫЗ СУ ҚОЙМАЛАРЫ САЛЫНАДЫ

Түркістан облысы, Келес ауданындағы ауыз су тапшылығын түбегейлі шешу мақсатында екі ірі ауыз су қоймасын салу жоспарланған. Атап айтқанда, Алпамыс батыр ауылдық округінде 4 гектар аумақта сыйымдылығы 20 000 м³ болатын су қоймасының және Біртілек ауылдық округіне қарасты Көлтоған елді мекенінде 1 гектар аумақта сыйымдылығы 600 м³ су қоймасының құрылысын жүргізу көзделуде. Аталған құрылыс жұмыстары…

Read More

Түркістанда спорт саласындағы жемқорлық фактілері көбейген

Түркістан облысында алғашқы алты айда  сыбайлас жемқорлыққа қатысты 51 қылмыс тіркелді. Оны жемқорлықпен күрес агенттігі анықтаған. Бұл былтырмен салыстырғанда 3 есе көп дейді мамандар. Бармақ басты көз қысты әрекетке барған мекемелер қатарында полиция,  білім беру, денсаулық салалары бар. Мәселен, спортта 47 аға жаттықтырушы істі болып отыр. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері…

Read More

Биыл көктем шаруға қолайлы болды

Ауыл шаруашылығы министрі Маңғыстау облысында құрғақшылық болу ықтималдығы туралы айтты. “Алғаш рет Маңғыстауға жем-шөп қорын құрып жатырмыз. Бұған 20 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінді. 200 мың тонна мал азығын сатып алуға дайындалып жатыр”, – деді Қарашүкеев. Ол облыстағы жайылымдардың жақсарғанын айтты. “Маңғыстау облысында көктем былтырғыдан жаңбырлы өтті. Біз бүкіл кешенді қадағалап отырмыз, қажет болса шара…

Read More

ТҮРКІСТАНДА МЕКТЕП ДИРЕКТОРЛАРЫНА АРНАЛҒАН ОБЛЫСТЫҚ ФОРУМЫ ӨТТІ

Түркістан қаласында облыстық білім басқармасы мен ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің Түркістан облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің ұйымдастыруымен «Заң және тәртіп» тақырыбында мектеп директорларының форумы өтті. Маңызды басқосуға білім бөлімдерінің басшылары, әдістемелік кабинет меңгерушілері, мектеп басшылары мен 1000-нан астам директор қатысты. Форумның мақсаты — оқу жылының аяқталуы, атқарылған жұмыстар, білім саласындағы қаржылық жағдайлардың ашықтығын қамтамасыз ету…

Read More

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БИЫЛ 16 ЖАЙЛЫ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Түркістан облысында биыл «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 29 мектеп салынып, оның ішінде 13-і пайдалануға берілді. Енді биыл жыл соңына дейін тағы 16 мектеп іске қосылады деп жоспарланған. Сондай-ақ, «Қауіпсіз мектеп» жобасы аясында білім алушыларға толық жағдай жасалған. Оның ішінде, оқулықтармен, ыстық тамақпен, қосымша білім берумен қамтылған. Сонымен қатар, мектептерді жаңғырту жұмыстары да қарқынды жүргізілуде….

Read More