4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +13°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
АЭС “Балхаш“: когда начнётся строительство и что нужно знать о будущем проекте «ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС» – ӘРБІР ӨҢІРДІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН СУ ҮНЕМДЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК ИНВЕСТИЦИЯ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРАТЫН ҚОЗҒАУШЫ КҮШ Глава государства принял основателя Network School Баладжи Шринивасана Юлия Кучинская: Рост городов должен сопровождаться развитием инфраструктуры Бота Елеусізова: Қазақстан жерасты суларының небәрі 3,5 пайызын пайдаланып отыр Айдос Сарым: Президент Жолдауы ел тарихының сапалы кезеңіне жол ашады
Cаясат

Абаев Түркиямен және Катармен ынтымақтастық туралы бірқатар құжатқа қол қойды

Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоған мен Катар Әмірі шейх Тамим бен Хамад Әл Танидің Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында ынтымақтастық туралы бірқатар келісімдерге, соның ішінде мәдениет және спорт министрлігімен байланысты құжаттарға қол қойылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бүгін Дәурен Абаев Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі мен Түркия Республикасының Мәдениет және туризм министрлігі арасында музей ісі, ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Бұл құжат түркі дәуірінің ескерткіштерінде бірлескен ғылыми-зерттеу экспедицияларын ұйымдастыруға, музей ісі саласындағы бірлескен жобаларды іске асыруға, тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтау мен қалпына келтіруге, мәдени мұраны қорғау, сақтау және танымал ету саласында қайта даярлау курстарын өткізуге, ұйымдастыруға жәрдемдесуге және т.б. бағытталған.

Сондай-ақ мәдениет саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Меморандум музыка, театр өнері салаларындағы ынтымақтастық пен тәжірибе алмасуға, сондай-ақ екі елдің мәдениет саласы қызметкерлерінің тағылымдамадан өтуін жолға қою, ақпарат алмасуларына бағытталған.

Сонымен қатар Қазақстан мен Катар мемлекеті спорт саласындағы 2023-2025 жылдарға арналған алғашқы атқарушы бағдарламаға қол қойылды. Бағдарлама спорт саласындағы қызметкерлердің тағылымдамаларын, семинарларын ұйымдастыру арқылы спорт мәселелерімен байланысты тәжірибе және ақпарат алмасуды көздейді.

Сондай-ақ, мәдениет және өнер саласындағы 2023-2025 жылдарға арналған бағдарламаға да қол қойылды. Құжат шеңберінде кітапхана саласында тәжірибе алмасу және мәдени мұраны, архив ісін сақтау, сондай-ақ музыкалық фестивальдар мен басқа да іс-шараларды ұйымдастыру арқылы мәдениет саласындағы ынтымақтастық жүзеге асырылатын болады.

Катар мемлекетімен туризм және имидждік іс-шаралар саласындағы ынтымақтастық туралы өзара түсіністік туралы тағы бір меморандумға қол қойылды.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *