4 қараша 2026, сәрсенбі ⛅ Түркістан +12°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады АЭС “Балхаш“: когда начнётся строительство и что нужно знать о будущем проекте «ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС» – ӘРБІР ӨҢІРДІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН СУ ҮНЕМДЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК
Қазақстан

Биыл 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

Жыл басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша, 2021 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша 12 501 адам тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алды.

Олардың басым бөлігі (76%) Өзбекстаннан келді. Атамекеніне оралғандардың 9,8%-і Қытайдан, 6,8%-і Түрікменстаннан, 2,5%-і Моңғолиядан келген. Ал қалған 4,9%-і басқа елдерден келді.

Этникалық қазақтар негізінен Алматы (28,4%), Маңғыстау (19,5%), Түркістан (13,8%) және Жамбыл (8,2%) облыстарына, сондай-ақ Шымкент (10,4%) қаласына қоныстанды.

Арасында жартысынан көбі, 55,2%-і еңбекке жарамды. 27,1%-і еңбекке қабілетті жасқа жетпеген. Ішінде 17,6%-і – зейнеткер.

“Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңейі бойынша 11%-і жоғары білімді, 39,4%-і орта кәсіби білімді, 45,7%-і жалпы орта білімді және 3,9%-нің білімі жоқ”, – делінген ақпаратта.

Айта кетейік, 1991 жылдан бері елге 1 миллион 82,8 мың этникалық қазақ оралған. 2020 жылы Қазақстанда “оралман” термині “қандас” сөзіне алмастырылды.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *