ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 80 ШАҚЫРЫМҒА ЖУЫҚ КАНАЛ БЕТОНДАЛДЫ
Түркістан облысының Түлкібас ауданында жалпы ұзындығы 108,7 шақырым болатын 13 каналға реконструкция жасалды. Оның ішінде 76,3 шақырымы бетондалды, 32,4 шақырымына механикалық тазарту жүргізілді. Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов жасалған жұмыстардың нәтижесімен танысты. Бүгінде каналда әрлеу және тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Реконструкция жұмыстарының нәтижесінде 8 632 гектар егіс алқабы қайта игеріліп, аудандағы жалпы суармалы…