4 қараша 2026, сәрсенбі ⛅ Түркістан +12°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады АЭС “Балхаш“: когда начнётся строительство и что нужно знать о будущем проекте «ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС» – ӘРБІР ӨҢІРДІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН СУ ҮНЕМДЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК ИНВЕСТИЦИЯ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРАТЫН ҚОЗҒАУШЫ КҮШ
Қазақстан

Ұйықтап жатқан қыздың телефоны өртеніп, басын күйік шалды

Pavlodarnews.kz мәліметіне сүйенсек, тілсіз жау жатын бөлмені толық шарпыған.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәлімдеуінше, оқиға Павлодар қаласында, 19 тамыз күні сағат 10:20-да Нұркин көшесі, 116 мекенжайындағы 2 қабатты тұрғын үйде орын алған.

Екінші қабаттағы пәтердің жатын бөлмесінде өрт шығып, үй заттары мен жиһаздар жанған. Жалын 20 шаршы метр аумақты шарпыды. Сағат 11:00-де өрт толығымен жойылды. Оқиға орнынан 2002 жылы туған қыз ауруханаға жеткізілді. Қыздың басын 30 пайыз күйік шалған , – деді қалалық ТЖ басқармасының басшысы міндетін атқарушы Тілекжан Галямов.

Департаменттің хабарлауынша, өрттің шығуына электр құралдарын қолдану кезінде өрт қауіпсіздігі ережесін бұзу себеп болған.

Зардап шеккен қыз ұйықтап қалған. Ұялы телефоны қуаттау көзіне қосылып, төсекте жатқан. Шыққан өрттен алдымен матрас жанған, – деді департамент өкілдері.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *