4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +13°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
АЭС “Балхаш“: когда начнётся строительство и что нужно знать о будущем проекте «ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС» – ӘРБІР ӨҢІРДІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН СУ ҮНЕМДЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК ИНВЕСТИЦИЯ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРАТЫН ҚОЗҒАУШЫ КҮШ Глава государства принял основателя Network School Баладжи Шринивасана Юлия Кучинская: Рост городов должен сопровождаться развитием инфраструктуры Бота Елеусізова: Қазақстан жерасты суларының небәрі 3,5 пайызын пайдаланып отыр Айдос Сарым: Президент Жолдауы ел тарихының сапалы кезеңіне жол ашады
Спорт

Қазақстанда 1 200 шақырымдық бәйге-марафон өтеді

Елімізде 15-30 қыркүйек күндері аралығында көпкүндік «бәйге-марафон» өткізіледі. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының міндетін атқарушы Бекболат Байжанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биыл Петропавл қаласында әкімдіктер арасында, мемлекеттік қызметшілер арасында үлкен жарыс өткіздік. Одан кейін Жетісу облысында ауыл жастары ойындары өтті. Сонымен қатар бүгін Нұр-Сұлтан қаласында министрліктер қызметкерлері арасында спартакиада өтіп жатыр. Осы жексенбіге дейін жалғасады.

Қыркүйекте Шымкент қаласында есту қабілеті төмен жандар арасында республикалық спартакиада ұйымдастырылады.

1 қыркүйекте Түркістан қаласында «Тұран барысын» өткізуді жоспарлап отырмыз.

Сонымен қатар 15-30 қыркүйек аралығында көпкүндік «бәйге-марафон» өткізу көзделген. Ол Нұр-Сұлтан қаласынан басталып, Қарағанды, Ұлытау облыстары арқылы өтіп, рухани астанамыз – Түркістанда жалауын тігеді. Бұл марафонның жалпы қашықтығы 1 200 шақырымды құрайды. Әр облыстан 20 командадан қатысады», – деді Б.Байжанов.

Оның атап өтуінше, бүгінде елімізде 6,5 млн адам спортпен жүйелі түрде айналысады. Бұл жалпы ел тұрғындарының 34,2 пайызын құрайды.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *