ҚАЙТАРЫЛҒАН АКТИВТЕР ХАЛЫҚ ИГІЛІГІ ҮШІН ПАЙДАЛАНЫЛУДА
Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Темірлан ауылында жаңа музыкалық өнер мектебінің құрылысын бастау шеңберінде уақыт капсуласын салу рәсімі өтті. Іс-шараға облыс әкімі Нұралхан Көшеров және Қазақстан Бас прокуратурасының Активтерді қайтару комитетінің төрағасы Нұрдәулет Сүйіндіков, облыс прокуроры Мұрат Тілеубердиев, ауылдың ақсақалдары мен құрметті тұрғындары қатысты. Аталған мектептің құрылысы – Мемлекет Басшысының тапсырмасына сәйкес қайтарылған капиталды халық игілігі…