4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +13°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
АЭС “Балхаш“: когда начнётся строительство и что нужно знать о будущем проекте «ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС» – ӘРБІР ӨҢІРДІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН СУ ҮНЕМДЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК ИНВЕСТИЦИЯ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРАТЫН ҚОЗҒАУШЫ КҮШ Глава государства принял основателя Network School Баладжи Шринивасана Юлия Кучинская: Рост городов должен сопровождаться развитием инфраструктуры Бота Елеусізова: Қазақстан жерасты суларының небәрі 3,5 пайызын пайдаланып отыр Айдос Сарым: Президент Жолдауы ел тарихының сапалы кезеңіне жол ашады
Қоғам

Министрлерге интернет пен ұялы байланыстың сапасы туралы сұрақтар көп қойылады

Өңір әкімдерінің есептік кездесулері туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров бүгін өткен Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды turkistanzaman BAQ.KZ тілшісі.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесу кестесі бекітілді. Жаңа форматқа сәйкес кездесулер «жүзбе-жүз, ашық тілдесу» түрінде өткізіледі. Оған дейін баспасөзде және әлеуметтік желілерде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Өңірлерге жұмыс сапары кезінде министрлер азаматтарды жеке қабылдайды, қоғамдық бірлестіктердің өкілдерімен кездеседі, – деп атап өтті ведомство басшысы.

Сондай-ақ жоспарланған кездесулерге орай азаматтардың өтініштеріне арнайы алдын-ала талдау жүргізілген.

Мұның барлығы проблемаларды мұқият зерделеуге, оларды әкімдік деңгейінде немесе ведомствоаралық өзара іс-қимыл шеңберінде шешу жолдарын қарастыруға мүмкіндік береді. Министрлерге қалалар мен ауылдық елдімекендердегі ұялы байланыс пен интернеттің сапасы, электр қуатын беру, газдандыру, ауыз сумен қамтамасыз ету, әлеуметтік проблемалар бойынша көптеген сұрақтар қойылды, – дейді министр.

Белгілі болғандай, жаңа форматқа сәйкес аталған проблемалардың шешімі мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарында жарияланатын болады.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *