4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +12°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады АЭС “Балхаш“: когда начнётся строительство и что нужно знать о будущем проекте «ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС» – ӘРБІР ӨҢІРДІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН СУ ҮНЕМДЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК ИНВЕСТИЦИЯ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРАТЫН ҚОЗҒАУШЫ КҮШ Глава государства принял основателя Network School Баладжи Шринивасана Юлия Кучинская: Рост городов должен сопровождаться развитием инфраструктуры Бота Елеусізова: Қазақстан жерасты суларының небәрі 3,5 пайызын пайдаланып отыр
Спорт

Қазақстанда қыркүйекте теннистен бірнеше халықаралық жарыс өтеді

Қазақстанда қыркүйекте Азия теннис федерациясы (ATF) және Tennis Europe сериясы бойынша бірнеше жарыс өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, 3-19 қыркүйек аралығында Шымкентте ATF сериясы бойынша ең жоғары А санатымен екі және 14 жасқа дейінгілер арасында бірінші санаттағы жарыс болады. Алматы қаласында сол мерзімде Tennis Europe сериясы бойынша 14 жасқа дейінгілер арасында тағы екі дода ұйымдастырылмақшы. Бұл турнирлердің ерекшелігі – әр қатысушы кемінде бес матч өткізеді. Бұл ойыншының шеберлігін ұштау үшін маңызды. «Осындай деңгейдегі жарыстарды сеніп тапсырғаны үшін Азия теннис федерациясы мен Tennis Europe қауымдастығына алғысымды білдіремін. Турнирлерді жоғары деңгейде өткізу үшін бар күшімізді саламыз. Қатысушылардың тамағы мен жататын орны ұйымдастырушылар есебінен төленеді», – деді федерацияның 10-14 жастағы ойыншыларды дамыту жөніндегі менеджері Шухрат Каюмов.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *