Алматыда «барахолка» өртеніп жатыр
Алматыдағы «барахолка» базарынан өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 11 қараша күні сағат 10:56 шамасында өрт сөндірушілер Жетісу ауданы Солтүстік айналма тасжолы, 7 мекенжайына жоғары дәрежедегі шақыртуға шыққан. «Көлік кептелісіне қарамастан өрт сөндірушілер оқиға орнына 8 минутта келді. Олар бірнеше контейнердің отқа оранғанын анықтады. Дереу өрт сөндіруге кірісіп, газ-түтіннен қорғау…