4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +13°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
АЭС “Балхаш“: когда начнётся строительство и что нужно знать о будущем проекте «ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС» – ӘРБІР ӨҢІРДІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН СУ ҮНЕМДЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК ИНВЕСТИЦИЯ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРАТЫН ҚОЗҒАУШЫ КҮШ Глава государства принял основателя Network School Баладжи Шринивасана Юлия Кучинская: Рост городов должен сопровождаться развитием инфраструктуры Бота Елеусізова: Қазақстан жерасты суларының небәрі 3,5 пайызын пайдаланып отыр Айдос Сарым: Президент Жолдауы ел тарихының сапалы кезеңіне жол ашады
Мәдениет

Абайдың «Қара сөздері» Бельгия кітапханаларында

 

Бельгиядағы Қазақстан елшілігі «Абай күніне» орай француз тілінде жазылған Ұлы ақынның «Қара сөздер» жинағын Корольдік кітапхананың қорына табыстады.
Сондай-ақ, кітапханаға ұлы ойшылдың өмірбаяны мен оның бельгиялық поэт Гидо Геззельге ұқсас қасиеттері жайлы материалдар да ұсынылды. Одан бөлек, Абайдың қара сөздері Брюссель мектептері мен кітапханаларына да тарту етілді. 1837 жылы негізі қаланған Бельгияның Корольдік кітапханасы – сол елдегі ең үлкен кітапхана. Мұнда 17 қабатта орналасқан 6 млн.томнан аса кітаптар топтамасы бар.
Еске сала кетейік, осы жылдың маусым айында Брюссельдегі музыкалық аспаптар мұражайына қазақтың музыкалық аспаптары: домбыра, сыбызғы мен қобыз берілген еді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *