4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +13°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
АЭС “Балхаш“: когда начнётся строительство и что нужно знать о будущем проекте «ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС» – ӘРБІР ӨҢІРДІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН СУ ҮНЕМДЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК ИНВЕСТИЦИЯ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРАТЫН ҚОЗҒАУШЫ КҮШ Глава государства принял основателя Network School Баладжи Шринивасана Юлия Кучинская: Рост городов должен сопровождаться развитием инфраструктуры Бота Елеусізова: Қазақстан жерасты суларының небәрі 3,5 пайызын пайдаланып отыр Айдос Сарым: Президент Жолдауы ел тарихының сапалы кезеңіне жол ашады
Мәдениет

Парижде Роза Бағланованың 100 жылдығына арналған концерт өтеді

Қазан айында Париждегі ЮНЕСКО штаб-пәтерінде әншінің 100 жылдығына арналған мерейтойлық концерт өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«2022 жылдың 1 қаңтарында аты аңызға айналған әнші Роза Бағланова 100 жасқа толады. Қазақстан мен КСРО Халық әртісі, Қазақстанның халық батыры, Екінші дүниежүзілік соғыс майдандарында жауынгерлерге концерт қойған. Ол біздің елімізде және шетелде әнсүйер қауым арасында әлі де танымал. Оның есімін мәңгі есте сақтау үшін іс-шаралар қабылдауды тапсырамын», – деп тапсырма берген еді Мемлекет басшысы.

Мәдениет министрлігінің хабарлауынша, Роза Бағланованың 100 жылдық мерейтойын өткізу жөніндегі жалпыреспубликалық жоспар әзірленген. Онда концерттер, көрмелер, фильмдер көрсетілімі секілді 2022 жылға жоспарланған 41 іс-шара бар.

«Күні кеше ғана Мәскеуде фотокөрме ұйымдастырылып, мерекелік концерт өтті. Қазан айында Париждегі ЮНЕСКО штаб-пәтерінде әншінің 100 жылдығына арналған мерейтойлық концерт өтеді», – дейді министрліктен.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *