Еліміздегі мектептерде жаңа лауазым енгізілді

Еліміздегі мектептерде педагог-ассистент лауазымы енгізілді. Мұндай мамандар ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларды оқытуда, яғни инклюзивті білім беруде сұранысқа ие. Олар балалардың мектепке тез үйреніп кетуіне көмектеседі. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің тапсырмасы бойынша еліміздің барлық өңірінде 700-ге жуық педагог-ассистент жұмысқа кірісті. Айта кетейік, ҚР БҒМ-мен ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқыту үшін…

Read More

Арыста гемодиализ орталығы ашылды

Арыс қаласында алғаш рет гемодиализ орталығы ашылды. Енді созылмалы бүйрек ауруына шалдыққан науқастар жол азабын тартып, өзге қалаларға сабылмай, жақын маңнан ем ала алады. Салтанатты шараға қала әкімі Гүлжан Құрманбекова мен қалалық мәслихат хатшысы Амантай Байтанаев пен дәрігерлер және қала тұрғындары қатысты. Жалпы 80 мыңға жуық тұрғыны бар Арыста бұған дейін мұндай орталық болмаған. Ал…

Read More

Елордада Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровке ескерткіш қойылды

Ескерткіш Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайының алдында орнатылды. Нұр-Сұлтан қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайының алдында Олимпиада чемпионының ескерткіші қойылды. Салтанатты шараға Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, қала әкімінің орынбасары Асхат Оралов қатысты. Жекпе-жек сарайы 2019 жылы ашылса, 2020 жылдың соңында оған Жақсылық Үшкемпіровтың есімі берілген болатын. Жақсылық Үшкемпіров – алтын медаль иеленген қазақтан шыққан…

Read More

Биыл 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

Жыл басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша, 2021 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша 12 501 адам тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алды. Олардың басым бөлігі (76%) Өзбекстаннан келді. Атамекеніне оралғандардың 9,8%-і Қытайдан, 6,8%-і Түрікменстаннан, 2,5%-і Моңғолиядан келген. Ал қалған 4,9%-і басқа…

Read More

Мексикада жойқын жер сілкінісі болды

Мексикада магнитудасы 7,1 балл болатын жер сілкінісі болды, деп хабарлайды zakon.kz. Алдын ала келтірілген мәліметтерге сүйенсек, магнитудасы 7,1 балла болатын жер сілкінісі Акапулькодан оңтүстік-шығысқа қарай 10 шақырым тереңдікте тіркелді, деп хабарлады Ұлттық сейсмологиялық қызмет. Қаза болғандар мен зардап шеккендер туралы, әзірге ақпарат жоқ. Жер сілкінісінен кейін аймақта цунами жүру қаупі артты.

Read More

Паралимпиада жеңімпаздарына ақшалай сертификат табысталды

ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев Жапония астанасы Токиода өткен XVI жазғы Паралимпиада ойындарына қатысқан спортшылармен кездесіп оларға мемлекеттік наградалары мен қаржылай сертификаттарын табыстады. «Кеше ғана төрткүл дүние ерен ерік-жігердің, темірдей төзімнің, өмірге құштарлықтың куәсі болды. Жаратқан адамның мүмкіндігін шектегенімен, ниетін шектемейтінін көзімізбен көрдік. Токиода өткен Паралимпиада ойындарында тағдырдан теперіш көрген жандардың ерлігіне жер жүзі тік…

Read More

Республикада өткен тәулікте үш жарым мыңнан астам адамда КВИ анықталды

Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы – 326, Алматы қаласы – 911, Шымкент қаласы – 145, Ақмола облысы – 217, Ақтөбе облысы – 207, Алматы облысы – 265, Атырау облысы – 80, Шығыс Қазақстан облысы – 154, Жамбыл облысы – 75, Батыс Қазақстан облысы – 83, Қарағанды облысы – 350, Қостанай облысы – 187, Қызылорда облысы –…

Read More

Қазақстан құрамасы Босния және Герцеговинамен тең тарқасты

Футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Босния және Герцеговина мен Қазақстан құрамасы кездесті. Боснияның Зеница қаласында өткен ойын 2:2 есебімен тең аяқталды. Бірінші тайм толықтай алаң иелерінің басымдылығымен өтті. Команда капитаны Эдин Джеконың өзінде гол соғатын бірнеше мүмкіндік болды. Бірақ Игорь Шацкий қорғаған қақпадан саңылау таба алған жоқ. Ал екінші таймды Қазақстан құрамасы…

Read More

Тоқаев жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына барды

Мемлекет басшысы Солтүстік Қазақстан облысындағы егін жинау науқанының барысымен танысты. – деп хабарлайды akorda.kz. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Солтүстік Қазақстан облысына жасаған жұмыс сапары Қызылжар ауданы Бәйтерек ауылындағы «Сервис Жарс» ЖШС-нің ауыл шаруашылығы алқабына барудан басталды. Мемлекет басшысы кәсіпорынға қарасты егістік жерлердің жағдайымен танысып, егін жинау жұмыстарына пайдаланылатын ауыл шаруашылығы техникаларын көрді. Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы…

Read More

Жамбыл облысындағы жарылыстан жарақат алған капитан ауруханада қайтыс болды

Өкінішке қарай, Жамбыл облысындағы әскери апат салдарынан көз жұмғандар саны тағы бір адамға ұлғайды. ҚР Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, 7 қыркүйекте Тараз қалалық ауруханасында 28349 әскери бөлімінің әскери қызметшісі, 1983 жылы туған капитан Ерлан Рысқұлбекұлы Қырғызәлиев қайтыс болды. Бұл азамат 26 тамызда Жамбыл облысындағы оқ-дәрі қоймасында болған өртті сөндіру кезінде ауыр жарақат алып, денесінің 85 пайызын…

Read More