4 қараша 2026, сәрсенбі ⛅ Түркістан +12°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады АЭС “Балхаш“: когда начнётся строительство и что нужно знать о будущем проекте «ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС» – ӘРБІР ӨҢІРДІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН СУ ҮНЕМДЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК
Спорт

Паралимпиада жеңімпаздарына ақшалай сертификат табысталды

ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев Жапония астанасы Токиода өткен XVI жазғы Паралимпиада ойындарына қатысқан спортшылармен кездесіп оларға мемлекеттік наградалары мен қаржылай сертификаттарын табыстады.

«Кеше ғана төрткүл дүние ерен ерік-жігердің, темірдей төзімнің, өмірге құштарлықтың куәсі болды. Жаратқан адамның мүмкіндігін шектегенімен, ниетін шектемейтінін көзімізбен көрдік. Токиода өткен Паралимпиада ойындарында тағдырдан теперіш көрген жандардың ерлігіне жер жүзі тік тұрып құрмет көрсетті. Олай болуы заңдылық еді. Өйткені олар тепсе темір үзетін, он екі мүшесі дін-аман, дені сау кей адамдар жете алмаған жетістікке жетіп, белесті бағындырып, жеңіс туын желбіретті. Расында, бұл қандай құрметке де, қошметке де лайық әрекет,» – деді Қырымбек Елеуұлы.

Сонымен қатар Токио Паралимпиадасы еліміз үшін аса табысты болғанын, дүбірлі додада қазақстандық спортшылар 5 медаль иеленіп, еліміз үшін рекордтық көрсеткіш орнатқанын атап өтті.

Қырымбек Көшербаев іс-шара барысында алтын медаль алған Давид Дегтяревке 106 миллион теңге, күміс медальге ие болған Зарина Байбатина, Теміржан Дәулет, Әнуар Сариевтерге 63 миллион теңге, қола жүлдегер атанған Нұрдәулет Жұмағалиге 31 миллион теңге қаржылай сыйақы табыстады.

Салтанатты іс-шараға Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов, Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова қатысты.

Жиын соңында Қазақстан спортшыларының атынан Давид Дегтярев пен Теміржан Дәулет сөз сөйлеп, Мемлекет басшысына алғыс айтты.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *