Шылаушын «қайта оралды»

Келестік кәсіпкер қызыл құрттан биогумус өндіруді қолға алды. Ол үшін  калифорниялық шылаушындарды пайдалануда. Өйткені, тез көбейеді екен. Мәселен,  5000 шылаушын 3 айда 10 есеге көбейген. Мамандардың айтуынша, биогумус – табиғи тыңайтқыш. Қазақша айтқанда, көң. Дегенмен айырмашылығы бар: мал тезегінің қышқылдығын азайту үшін, оны калифорния қызылқұртына жегізеді. Осылай өңделген тыңайтқыш, бақша дақылдарының өнім көлемін еселеп арттырады….

Read More

Вермишель таңсық асқа айналуы мүмкін…

Бара-бара ең арзан деген макаронның өзін сирек қолданып қалуымыз бек мүмкін. Себебі бағасы 11%-ға қымбаттап, өндірісі бірден 13%-ға төмендеп кеткен. Әзірге ұн өнімдеріне деген сұраныс жоғары. Бірақ жиі тұтынатын азық-түліктің мұншалықты қымбаттап кетуі халықтың қалтасына кәдімгідей салмақ түсіруде. Бағаның өсуі қашанға дейін жалғаса бермек? Жалпы, тұрақтылық қайта орнай ма? Тілшіміз мән-жайды анықтап көрді. Ұн өнімдерінің…

Read More

Жол бойына тағы 800 камера қойылмақ

Түркістан облысында бейнебақылау камералары көбейгелі көлік жүргізушілерінен маза қаша бастаған. Себебі «тапқанымыз айыппұл төлеуден артылмайды», – деп зар еңірейді олар. Айтса айтқандай, полицейлер 8 айдың ішінде осы бейнебақылау арқылы 58 мың құқық бұзушылық анықталғанын мәлімдеді. Әсіресе, заң бұзушылықтардың көбі шетелден әкелінген, еш жерде тіркеуде жоқ темір тұлпарларға тиесілі дейді олар. Абзал Оразбақовтың көлік тізгіндегенін 20…

Read More

Өрт пен құрғақшылық соңы: адамзатты не күтіп тұр?

Алдағы 10 жылда Қазақстан электр қуаты тапшылығымен ұшырасуы мүмкін. Бұдан бөлек, климаттың өзгеру қаупі тағы бар. Қазірдің өзінде әлемдік табиғат апаттар тұтас экожүйеге кері әсер етуде. Төрткүл дүниенің назары ауған бұл мәселе Түркістанда да талқыланды. Климаттың жылыну салдары мен оның алдын алу кезеңдері жайында тілші материалында.   2021 жылы дала орман өрттері рекордық көрсеткішке жетті….

Read More

Қара жол да енді қалтаңа «қарайды»…

1 қазаннан бастап елімізде республикалық маңызға ие 25 мың шақырым жолдың тең жартысы, яғни, 11 мың шақырымы ақылы болмақ. Бұл туралы «Қазавтожол» мекемесіндегілер ресми мәлімдеді. Алайда ақпарат құлақтарына жете салысымен жүк көлік жүргізушілері бұған үдере қарсы шықты. Неліктен? Мәселені әріптесіміз Әлия Мұхтарқызы зерттеп көрді.   Түркістандық Жәнібек Дүйсенов – ауыр жүк көлігі жүргізушісі. Қаншама жылдан…

Read More

Келесте “Оңтүстік Қазақстан” газетінің дәстүрлі турнирі өтіп жатыр

Келес ауданындағы Орталық стадионда «Оңтүстік Қазақстан» газетінің жүлдесінен арналған қазақ күресінен дәстүрлі турнир өтуде.  Осымен 58-рет ұйымдастырылған жарысқа 17 командадан 120 балуан қатысып жатыр. Олар 6 салмақ дәрежесі бойынша өзара мықтыны анықтайды. Сонымен қатар 90 және 90 келіден оғары салмақтағы  спортшы «түйе балуан» атағы үшін таласатын болады. – Бұл айтулы жарыс талай-талай буынды спортқа баулып,…

Read More

Ветеринарлар жаяу жүрмейтін болды

Мемлекет басшысы өзінің биылғы жолдауда ветеринарлардың жалақысын көтеріп, оларды жаңа жабдықтармен  қамтамасыз етуді тапсырған болатын. Сонымен қатар денсаулық сақтау нысандарын салуға жеке инвесторлар тартуды жүктеген. Жолдауда көрсетілген басым бағыттар Түркістан облысында жүзеге асып келеді. Ветеринарларға автокөліктер  беріліп, жеке қаржыға клиника салынып жатыр. Түркістан облысында 1700 ветеринар еңбек етеді. Биыл жалақысы төмен болса да, иығына артылатын…

Read More

Түркістан ұлттық санақтан көш бастап тұр

1 қыркүйектен бері елімізде sanaq.gov.kz сайтында онлайн режимде халық санағы өтуде. Бір айда Түркістан облысы бойынша 865 824 тұрғын өз дерегін тіркеп үлгерген. Нәтижесінде, өңір электронды санақ бойынша республикада көш бастап тұр. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің орынбасары Арман Сәбитов брифингте мәлімдеді. Облыс әкімінің орынбасары бүгін үй-үйді аралап офлайн санақ жүргізу басталғанын айтты. «Санақтың екінші,…

Read More

Көліктер тағы қаңтарылып қалды…

Дизель отынының тапшылығы – халықты әбден әбігерге түсірді. Әсіресе, ауыр жүк көлік жүргізушілерінің қалтасын қағуда.  Тіпті, кейбір жанармай құю бекеттерінде дизель майы атымен жоқ. Солярка бағасының бірден өсуіне не себеп? Энергетика министрлігі қандай шара қолданбақ? Тілшіміз Әлия Мұхтарқызы зерттеп көрді. Балаларының несібесін осы жүк көлігімен тауып отырған Әбдірахман Абылазовтың бұл іспен айналысып жүргеніне 6 жыл….

Read More

Қарттарға құрмет көрсетілді

 Түркістан облысы Сауран ауданында 1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай мерекелік іс-шара өтті. Аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен мәдениет үйінде қазыналы қарттардың назарына концерттік бағдарлама ұсынылды. Биыл алғаш рет енші алып, еңсе тіктеген жаңа ауданның әкімі Ғани Рысбеков қарияларды айтулы күнмен құттықтады. «Жас ұрпаққа ақыл-кеңестеріңізді айтып, дархан даналықпен үлгі-өнеге көрсетіп жүре беріңіздер». Кеш барысында Ғани Құрмашұлы…

Read More