Құлағалы тұрған ғимаратта оқуға мәжбүр

Шардара қаласында 450-ге жуық оқушы Кеңес одағы кезіндегі  құрылыс бригадаларының  кеңсесі болған ескі ғимаратта оқуға мәжбүр. Оның өзі үлкен жолдың бойында орналасқан. Мектептің не спорт залы, не асханасы жоқ. Бірыңғай жылу жүйесі де орнатылмаған. Құлаудың аз-ақ алдында тұрған білім ордасы туралы тілшіміз баяндайды. 250 балаға лайықталған Шардарадағы бұл мектеп ғимаратында 450-ге тарта оқушы білім алуда. …

Read More

171 заңсыз балық аулау оқиғасы тіркелген

Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының Түркістан облысы бойынша балық инспекциясы бөлімі жыл басынан  бері заңсыз балық аулаған 171 оқиғаны анықтады. Сол бойынша 159 әкімшілік  хаттама толтырған. Бұл туралы брифингте инспекциясы басшысының орынбасары Мейіржан Өмірәлиев мәлімдеді.  «Табиғат заңдылығын бұзудың алдын алу және анықтау мақсатында 78 рейд, оның ішінде құзырлы органдарымен бірлескен іс-шараларға сәйкес 34 рейд…

Read More

Баспана тартып алғыштарға «қой» дейтін қожа табылды

Соңғы мүлкі банкте кепілде тұрған азаматтар қарызы кейінге шегерілуі мүмкін. Мұндай ұсынысты басқа емес, Парламент Сенаты депутаттарының өзі көтерді.  Себебі соның кесірінен қаншама азаматтар баспанасыз далада қалған. Бұған дейін де бірнеше мәрте көтеріліп, алайда аяқсыз қалған мәселені қайта қозғауға Алматыдағы 5 адам қаза болған атыс түрткі болды. Халық қалаулысы Ләззат Сүлейменнің айтуынша, 2016 жылдан бері…

Read More

Жарық сөнуі неге жиілеп кетті?

Елімізде электр қуаты тапшы. Энергетика  министрлігінің мәліметінше, бұл мәселе әсіресе осы жыл соңында қатты байқалатын көрінеді. Өйткені биыл ток қуатын пайдалану көрсеткіші былтырғымен салыстырғанда 1500 Мвт тан асып кеткен. Осыған байланысты Жамбыл, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Шығыс қазақстан, Ақмола облыстарында және Шымкент қаласында шектеулер енуде. Еліміздің бірқатар аймақтарында әсіресе, Түркістан облысында қараша айында бұл мәселе қатты…

Read More

Сауранның жаңа таңы атқалы тұр

Түркістан облысы Сауран ауданындағы 12 ауылдық округте жалпы саны 35 елді мекен бар. Құрылғанына жарты жылдай ғана болған жаңа ауданда келер жылы қарқынды құрылыс басталғалы тұр.  Сонымен қатар онда инфрақұрылым саласына көңіл бөлініп, табиғи газбен қамту жұмыстары қолға алынады. Бұл туралы брифингте аудан әкімі Ғани Рысбековтің өзі мәлімдеді.   2022 жылы 32 елді мекенде балалар…

Read More

Жаураған тұрғындар үшін жауаптыларды бір сілкіп алды

Көпқабатты үйлердің инфрақұрылымы өркениеттен жұрдай. Әсіресе Түркістандағы әкімшілік-іскерлік орталығында бой көтерген жаңа үйлерде әлі күнге жылу берілмеген үйлер бар.  Бұл жөнінде арнамызға шағымданушылар қарасы да қалың. Осыған байланысты облыс әкімі арнайы жиналыс ашып, жауапты мекемелерді бір сілкіп алды. Өйтетін жөні бар. Себебі аталған шағынауданда 7 қабатты 10 тұрғын үйдің құрылысы 2 жыл бұрын басталып, биыл…

Read More

Әлеуметтік дүкен: жарылқаушы ма, «жуып-шаюшы» ма?

Бағаны тұрақтандыру бойынша Түркістан соңғы шепте. Облыс әкімдігі әлеуметтік тауарлардың бағасын бір қалыпты ұстауға «Айналым схемасы» шеңберінде жалпы 570 млн. теңге бөлген екен. Алайда нәтиже көңіл-көншітпейді. Тауар сомасының өзгермеуіне әлеуметтік дүкендердің баға тұрақталуына әсері бар дейді мамандар. Ол үшін облыстағы әлеуметтік дүкендердің санын көбейту керек. Қазіргі таңда Түркістанның өзінде 13 осындай дүңгіршек халыққа жұмыс істеп…

Read More

Зейнетке жете алмай кетіп жатқандар көп

Енді кеншілер мен металлургтер зейнетке ерте шығуы мүмкін. Абай шахтасындағы апаттан кейін Мәжілісте «Ақ жол» фракциясы мамандардың зейнетке шығу жасын төмендетуді талап етті. Бұрын аса қауіпті кәсіп иелері 1-ші және 2-ші тізім бойынша зейнетке ерте шығатын. Ал бүгінде олардың дені тіпті зейнет жасына да жетпей, апатқа ұшырап немесе еңбекке жарамсыз болып қалуда. Басын қауіпке тіккен…

Read More

Қара жол да ақы сұрайды енді…

Қарашаның 1-інен бастап елімізде республикалық маңызы бар 7 бірдей жол ақылы жүйеге өтуі тиіс болатын. Алайда жауапты мамандар тиісті құжаттарды дайындап үлгермесе керек. Сондықтан жаңа ереже 15 қарашаға дейін шегерілді. Түркістан облысына жалпы жолдардың ахуалы қалай? Тілші тарқатады. Десе де, ақы қабылдау жүйесі дайын бірақ жол қауіпсіздігін қамтамасыз ететін құрал-жабдықтар оған сай болмай тұр. Мысалы,…

Read More

432, 4 мың шаршы метр тұрғын үй берілді  

Түркістан облысында жыл басынан бері 432, 4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл туралы облыстық құрылыс басқармасының басшысы Тоқтар Үсіпәлиев мәлімдеді. Айтуынша, «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында, бюджет қаражаты есебінен облыста 2021 жылы 118 тұрғын үйдің  (6 850 пәтер, 442 мың ш.м.) құрылысы жүргізілуде. Ал Түркістан қаласы бойынша 98 тұрғын үй (6 166 пәтер,…

Read More