4 қараша 2026, сәрсенбі ⛅ Түркістан +12°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады АЭС “Балхаш“: когда начнётся строительство и что нужно знать о будущем проекте «ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС» – ӘРБІР ӨҢІРДІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН СУ ҮНЕМДЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК ИНВЕСТИЦИЯ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРАТЫН ҚОЗҒАУШЫ КҮШ Глава государства принял основателя Network School Баладжи Шринивасана Юлия Кучинская: Рост городов должен сопровождаться развитием инфраструктуры
Экономика

171 заңсыз балық аулау оқиғасы тіркелген

Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының Түркістан облысы бойынша балық инспекциясы бөлімі жыл басынан  бері заңсыз балық аулаған 171 оқиғаны анықтады. Сол бойынша 159 әкімшілік  хаттама толтырған. Бұл туралы брифингте инспекциясы басшысының орынбасары Мейіржан Өмірәлиев мәлімдеді.

 «Табиғат заңдылығын бұзудың алдын алу және анықтау мақсатында 78 рейд, оның ішінде құзырлы органдарымен бірлескен іс-шараларға сәйкес 34 рейд ұйымдастырылды. 2021 жылдың басынан Түркістан облысы бойынша балық инспекциясы бөлімімен 171  оқиға анықталып,  159 әкімшілік  хаттама толтырылған. Оның ішінде 2 іс сот органдарымен қаралып кінәлі тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Ал 12  іс бойынша қылмыстық іс құқық қорғау органдарына жолданып, 6 қылмыстық іс бойынша кінәлі тұлғалар қылмыстық жауапкершілікке тартылды», – деді ол.

Брифингке қатысқан ҚР ІІМ Түркістан облысы жергілікті полиция қызметі басқармасының инспекторы Нұрлан Тұмабаевтың айтуынша, жедел-профилактикалық іс-шаралары 11 қазан мен 11 қараша аралығында Түркістан және Қызылорда облыстарының аумағында өткізілген. Рейд барысында 36 балық қорғау заңнамасын бұзушылық фактісі анықталып, 35 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

27 қазанда Түркістан облысы бойынша балық инспекциясы бөлімінің  мамандары мен Түркістан облысының полиция департаментінің қызметкерлері  Шардара, Түркістан, Шымкент қалаларының сауда орындарында синтетикалық нейлондық және полиамидті-синтетикалық моножіптен жасалған ау торларларды саудалауға қарсы үгіт-насихат жұмыстарын ұйымдастырды.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *