4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +11°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Әлеумет

Жаураған тұрғындар үшін жауаптыларды бір сілкіп алды

Көпқабатты үйлердің инфрақұрылымы өркениеттен жұрдай. Әсіресе Түркістандағы әкімшілік-іскерлік орталығында бой көтерген жаңа үйлерде әлі күнге жылу берілмеген үйлер бар.  Бұл жөнінде арнамызға шағымданушылар қарасы да қалың. Осыған байланысты облыс әкімі арнайы жиналыс ашып, жауапты мекемелерді бір сілкіп алды.

Өйтетін жөні бар. Себебі аталған шағынауданда 7 қабатты 10 тұрғын үйдің құрылысы 2 жыл бұрын басталып, биыл қабылдаудан өткен. Алайда аяқталған үйлерге «ҚазТрансГазАймақ» тарапынан газ қосуға келісім берілмеген.  Себебі газ пештерінің түтін шығару жүйесі күйдірілген кірпіштен қаланыпты. Ал ол тұрғындар өміріне қауіп тудыруы әбден мүмкін дейді мамандар.  Бүгінде жіберілген олқылықтарды жөндеп, ел қоныстанып үлгерген 5 үйге газ қосу қамын қарастырып жатыр. Өмірзақ Шөкеев бұл жұмысты ширатуды тапсырды.

Өмірзақ Шөкеев, облыс әкімі:

«Үйді берсеңдер енді жылуды қосу керек. Тез арада. Қандай адамсыңдар? Сын  өздеріңе келіп тиетінін қалай түсінбейсіңдер? Қыс келді ғой.  Жылусыз  пәтерде бір күн тұрып көріңдерші.  Тұрғындардың бала-шағасы бар»

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *