150 ірі қараның түбіне жеткен ұры ұсталды

Бір жарым жыл бойы іздеуде жүрген ол Түркістан мен Кентау қалаларының аумағында мал ұрлығымен айналысқан топ құрамында болған. Қылмыстық топ 70 миллионнан астам шығын келтірген. Нақтырақ айтсақ, 150-ден астам жылқы мен сиыр ұрлаған. Істің мән-жайын анықтай келе, іздеуде жүрген күдіктінің Қызылорда облысы Байқоңыр қаласында бой тасалап жүргені анықталды. Қылмыскерлер ұрланған малды өз пайдасы үшін сатып…

Read More

Шала туғандар көбейіп барады

15 млн. Былтыр әлемде осынша бала ай-күні жетпей дүние есігін ашқан. Бұл – әлеуметтік проблема. Бір қызығы, жыл өткен сайын шала туғандар көбейіп бара жатқанға ұқсайды.  Түркістан облысында олардың саны қанша? Тақырыпты Шынар Әділханқызы тарқатады. Жанаттың бұл – екінші перзенті. Келіншек 2019 жылы егіз ұлдарын жеті айлық қылып туып қойған. Бүгінде екі жастан асқан бүлдіршіндер…

Read More

Нұрсұлтан Назарбаев Шымкентте тұрып жатыр

Елбасымен аттас жас кәсіпкер 1989 жылы Ташкент қаласында дүниеге келген. Ол кез – Н.Әбішұлыныың саясат сахнасында енді таныла бастаған тұсы. Соны жақсы ырымға балаған ағасы жас сәбиді Нұрсұлтан деп атауды жөн көрген. Бүгінде отыздан асқан ол Шымкентте жеке медицина ұйымын басқарып отыр. Айтуынша, Елбасы есімін арқалау оңай емес көрінеді. Нұрсұлтан Назарбаев, қала тұрғыны: «Зор жауапкершілік….

Read More

Жарты ғасырдан бері ауыз су азабын тартып келеді

Түркістан облысы  Жетісай қаласында су жүйесі әбден тозған. Шіліңгір шілдеде тұрғындар тіпті қаталап шөлдейді десе де болады. Себебі көпқабатты үйлерге айлап су берілмей қалатын кездер де болады. Мәселені толығырақ Әлия Мұхтарқызы тарқатады. Жетісай қаласының су жүйелері өткен ғасырдың 60 жылдары 20 мыңдай тұтынушыға есептеліп салынған. Содан бері күрделі жөндеу көрмегендіктен,  құбырлар тесіліп, су азайып кеткен….

Read More

Су жаңа үй тұрғындары суықта бүрсең қағып отыр…

«Үйіміз бола тұра, пәтер жалдап тұруға мәжбүрміз». Бұл – Түркістанда құрылысы толық бітпеген «Арман» тұрғын үй кешені тұрғындарының базынасы. Олар қақаған қыста да жылу беруге асықпайтын басшыларға қапалы. Құрылысқа жауаптылардың уәдесінде тұрмай алдап соққаны аздай, қала әкімдігі де жауап беруден жалтарып жүргені олардың ызасын келтірген. Қарашаның қара суығында бүрсең қағып отырған халықпен Алтынбек Әмит тілдесіп…

Read More

200 млрд теңгеден астам инвестиция тартылған

Түркістан қаласының негізгі капиталына тартылған инвестиция көлемі 200 млрд 542,9 млн теңгені құрады. Өткен жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда, көрсеткіш 84,4 пайызға артқан. Бұл туралы қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков 9 айда атқарылған жұмыстарды қорытындылау брифингінде мәлімдеді. Сондай-ақ, үдемелi индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында «Өңірлердің кәсіпкерлігін қолдау картасына» құны 11 млрд 106,4 млн теңгені құрайтын 15 жоба енгiзiлген….

Read More

Тәулігіне 120 мың қыш құятын зауыт ашылмақ

Ордабасы ауданында биыл желтоқсан айында «Индустриаландыру картасы» аясында екі жоба іске қосылады. Соның бірі – жаңа озық технологиямен жабдықталған «Bokei» қыш зауыты. Жалпы құны 2 млрд 600 млн теңгені құрайтын кәсіпорында жергілікті 60 азамат жұмыспен қамтылады. Аталған қыш зауытының қуаттылығы – тәулігіне 120 000 дана. Бұл туралы брифингте 9 айда атқарылған жұмыстарды қорытындылаған аудан әкімі…

Read More

Тегін салдырмаған екпеге енді талас басталды…

Халық қалаған вакцинасын ақылы түрде ала алады. Елге Pfizer келгелі әншейінде тегін салдырмайтын елде екпеге деген қызығушылық күрт артқан.  Тіпті ақысын төлейік деушілер де бар. Әсіресе, АҚШ пен Еуропаға емін-еркін барғысы келетін азаматтар жағы… Денсаулық сақтау министрінің екпені коммерциялық нарыққа жеткізуге қолдау сұрауы осыған байланысты.  Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой вакцинаның жеңілдігі бар категорияға жатпайтын жалпы…

Read More

Келген қонақ әжетін шығара алмаса…

Түркістанның басты туристтік орындарының бірі – Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің маңы биыл ғана толықтай жөндеуден өтіп, келушілерді қызықтыра түсті. Алайда киелі орынды тамашалауға келгендер әжетхана таппай әлек. Мәселеге әкімдіктің әлі күнге неге атүсті қарап отырғаны түсініксіз. Мәселені Алтынбек Әмит анықтап көрді. Түркі жұртын қызықтыратын Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің маңында да бірде-бір талапқа сай келетін дәретхана…

Read More

Екі мыңдай ауыл ауыз сусыз отыр

Тіптен кейбірі каналдың суын тұтынуға мәжбүр. Түйткілді мәселе 2025 жылға дейін түбегейлі шешілуі тиіс. Президенттің тапсырмасы – осындай. Тоқпағы қатты болған соң, қазір саладағы жұмыстар жүйеленіп, көрсеткіш жыл өткен сайын жоғарылап келеді. Келес ауданындағы шекараны жағалай қонған Қауыншы мен Ақжол ауылдарында 7 мыңға жуық адам тұрады. Қос елді мекен тұрғындарын толғандырған жалғыз түйткіл бар. Ол…

Read More