4 қараша 2026, сәрсенбі ⛅ Түркістан +12°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады АЭС “Балхаш“: когда начнётся строительство и что нужно знать о будущем проекте «ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС» – ӘРБІР ӨҢІРДІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН СУ ҮНЕМДЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК ИНВЕСТИЦИЯ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРАТЫН ҚОЗҒАУШЫ КҮШ
Әлеумет

150 ірі қараның түбіне жеткен ұры ұсталды

Бір жарым жыл бойы іздеуде жүрген ол Түркістан мен Кентау қалаларының аумағында мал ұрлығымен айналысқан топ құрамында болған. Қылмыстық топ 70 миллионнан астам шығын келтірген. Нақтырақ айтсақ, 150-ден астам жылқы мен сиыр ұрлаған.

Істің мән-жайын анықтай келе, іздеуде жүрген күдіктінің Қызылорда облысы Байқоңыр қаласында бой тасалап жүргені анықталды. Қылмыскерлер ұрланған малды өз пайдасы үшін сатып отырған. Бұған дейін топтың 5 мүшесі ұсталған болатын.

Жасұлан Нысанбай, облыстық ПД криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары:

«10 ай көлемінде жалпы 19 мал ұрлығы қылмыстарын жасаған қылмыстық топ құрықталып, олармен жалпы 70 дерек мал ұрлығына қатысы бары дәлелденіп, сотқа жолданды. Ал ұрланған 1317 мал басының 411-і иелеріне қайтарылды».

Еске сала кетсек, жыл басынан бері Түркістан облысында 214 мал ұрлығы қылмысы тіркелген. Оның 117-сі  ашылған.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *