5 қараша 2026, бейсенбі ⛅ Түркістан +10°C
  • USD 452,91
  • EUR 509,43
  • CNY 67,87
  • RUB 5,53
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Денсаулық

Шала туғандар көбейіп барады

15 млн. Былтыр әлемде осынша бала ай-күні жетпей дүние есігін ашқан. Бұл – әлеуметтік проблема. Бір қызығы, жыл өткен сайын шала туғандар көбейіп бара жатқанға ұқсайды.  Түркістан облысында олардың саны қанша? Тақырыпты Шынар Әділханқызы тарқатады.

Жанаттың бұл – екінші перзенті. Келіншек 2019 жылы егіз ұлдарын жеті айлық қылып туып қойған. Бүгінде екі жастан асқан бүлдіршіндер балабақшаға барып жүр.

Жанат Ысақ, ата-ана

«Егіздеріміздің алғашқы сөзі «ата» «әже» болды. Одан кейінгі сөздерді қажеттілігіне қарай айта береді. Жастары 2-ге толып қалды. Қазіргі таңда осы ақ халатты абзал жандардың арқасында ойнап-күліп жүрміз. Осы ретте басымыздан өткен әр қиындық еске түсіп отыр».

Бұрын егде жасқа келіп босанған аналардың баласы әлжуаз болуы қалыпты құбылыс болатын. Ал бүгінде жас аналар да мерзімінен бұрын босануда.  Бұл – иммунитеттің төмендігінен дейді мамандар. Бір қуантарлығы, бала туу көрсеткіші бойынша Түркістан көш бастап тұр.  Мәселен, былтыр 9754 сәби дүние есігін ашса, биыл 10 айда 9624 бала туған. Жыл соңына қарай бұл көрсеткіш 12 мыңға жетеді деп болжануда.

Бақытжамал Қожанова, №3 облыстық перинаталдық орталық неонаталды қызмет бойынша бас дәрігердің орынбасары:

«Шала туғандардың бәрі инкубаторға алынып, керекті респираторлық аппаратта жатады. Сол ананың құрсағындағы жағдайды біз балаларға инкубатор арқылы емін жалғастырамыз. Әрине, Алланың құдіретін жасаймыз дей алмаймыз. Бірақ сәбиге ананың құрсағындағы жағдайды тудыруға тырысамыз».

Бүгінде заманауи медицинаның жетістіктері  көңіл қуантады. Яғни арнайы аппараттың көмегінен шала туған нәрестелердің өлім дерегі 3-4 есе азайған. Бүгінде тіпті салмағы небары 500 грамм сәбилерді аман алып қалуға мүмкіндік бар. Былтыр әлемде 155 миллионнан астам сәбидің15 миллионы мерзімінен бұрын туған. Ал біздің өңірдің өзінде биыл – 435, былтыр – 386 бала шала туған.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *