Бірнеше мектепке алаш азаматтарының аты беріледі

Үкімет Нұр-Сұлтан қаласының кейбір білім беру ұйымдарына танымал тұлғалардың атын беру туралы қаулы әзірледі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. «Ашық НҚА» сайтында жарияланған құжатқа сәйкес, 8 мектепке қоғам және саяси қайраткерлердің есімін беру жоспарланып отыр. Олар: № 11 мектеп-лицейге – Өзбекәлі Жәнібеков; № 49 орта мектепке – Қошке Кемеңгерұлы; № 69 мектеп-гимназиясына – Кемел Ақышев; №…

Read More

Зейнетақы жинағының ең төменгі жеткілікті межесі талқыланды

Сенаторлар зейнетақы жинағының ең төменгі жеткілікті шегін анықтау әдістемесін талқылады. Кездесуге Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, «БЖЗҚ» АҚ және өзге де ұйымдардың өкілдері шақырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Ольга Перепечина шараны аша келіп, еліміз Президентінің азаматтарға зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдалануға құқық беру жөніндегі бастамасы жұртшылық тарапынан оң қабылданғанын атап…

Read More

Көне бұйымдар көрмесі өтті

Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде зергерлік көрме өтті. Экспозицияға 19 ғасырдан бері сақталған көне бұйымдар қойылды. Шараға Түркістан қаласының тұрғындары ғана емес бауырлас Түркия мемлекетінен де қонақтар келіп қатысты. Толығырақ тілші бейнематериялында. Cерхан Чынар бүгінгі көрмеге Түркия мемлекетінен арнайы келіпті. Тарихи жәдігерлерді көріп Қазақстанның мәдениетімен терең танысқанын айтады. Мұндай шараларға алдағы уақытта да келуге тырысамын дейді….

Read More

100 мыңнан астам сәби дүниеге келді

Тәуелсіздік мерекесі күні Төлеби ауданында Қасым-Жомарт Нұрсұлтанұлы дүниеге келді. Ата анасы осылайша сәбиіне ерекше есім беріп,  ел тізгінін ұстайтын азамат болсын деп ырымдаған көрінеді. Айта кетерлігі, 2021 жылдың алғашқы тоқсанында Қазақстанда 100 мыңнан астам сәби дүниеге келген. Бұл тәуелсіздік жылдарындағы ең үлкен көрсеткіштердің бірі дейді мамандар. Елімізде тәуелсіздік күні дүниеге келген 2 мыңнан астам сәбиге…

Read More

Цой немен елдің есінде қалды?

Алексей Цой Денсаулық сақтау министрі қызметінен босатылды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығы Ақордада жарияланды. Былтыр маусым айында елімізде коронавирус эпидемиясы өршіп, өлім-жітім жағдайлары көбейген кезде басшылыққа келген ол келе сала бірден жаңа қаулылар мен бұйықтар шығарды. Соның бірі  – өткен жылдың қарашасынан бастап елімізде жыныс ауыстыруға рұқсат беруі. Тіпті ота «тегін» жасалады деген ақпар да…

Read More

Үш бірдей көпір жаңарды

Түркістан облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының бойында 410 көпір орналасқан. Оның 378-інің жағдайы жақсы және қанағатты жағдайда болса, 35 көпір (20 күрделі, 15 орташа) жөндеуді қажет етеді. Ағымдағы жылы олардың 3-не күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді. Күрделі жөндеуді қажет ететін 6 көпірдің жобалау сметалық құжаты әзірлеуге қаржы қаралып, жобалау жұмыстары жүргізілуде. Жол жөндеу жұмыстарының…

Read More

Екі мың шақырымнан астам жол жөнделді

Биыл Түркістан облысында жалпы ұзындығы 2 мың шақырымнан асатын 683 жол жөнделді. Оның 79 -ы жергілікті, 52-сі облыстық, 27-сі аудандық маңызы бар жолдар болса, 604-і елдімекен көшелері. Осылайша 2021 жылдың қорытындысы бойынша жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесін 79%-дан 87%-ға артпақ.Ал 2025 жылға дейін бұл көрсеткішті 99,5%-ға жеткізу жоспарлануда….

Read More

Қош бол, касса аппараты!

Жаңа жылдан бастап Қазақстанда кәсіпкерлер қолданатын касса аппараттарының санын біреуге дейін қысқарту жоспарланып отыр. Мәжілістегі үкімет сағаты кезінде салықтық және кедендік басқаруды цифрландыру мәселесі талқыланды. Қаржы министріне бақылау-касса машиналарының қызметін POS-терминалдармен біріктіру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы сұрақ қойылды. Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев қазір шағын кәсіпкерлерде бірнеше касса аппараты бар екенін және бұл олардың есеп…

Read More

Көлік салығы кешірілуі мүмкін

Жол апатынан кейін пайдалануға келмейтін, бірақ есепте тұрған көліктердің салығын есептен шығару ұсынылды. Бұдан бөлек, қайтыс болған және басқа елге көшіп кеткен адамдардың салығы «кешірілуі» мүмкін Қаржы министрлігі көлік жүргізушілерінің кейбір санаттары бойынша салық амнистиясын өткізуді ұсынып отыр. Бұл туралы мәжілістегі үкімет сағатында ведомство басшысы Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Отырыс кезінде депутат…

Read More

Тихановский 18 жылға сотталды

Беларусьте оппозициялық белсенділерге қатысты сот үкімі шықты. Белсенділер 14-тен 16 жылға дейін бас бостандығынан айырылса, танымал блогер, оппозиционер Сергей Тихановский алдағы 18 жылды темір тордың арғы жағында өткізеді. Оларға жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырды, іріткі салды деген айып тағылған еді. Бірақ, көпшілік бұның «Саяси үкім» екеніне күмәнданбайды. Естеріңізге сала кетсек, Сергей Тихановский Президент сайлауында үміткер болып тіркелгендігі…

Read More