Түркістанда 6,5 миллион теңге айыппұлы бар жүргізуші анықталды
Түркістанда 6,5 миллион теңге айыппұлы бар жүргізуші анықталды, деп хабарлайды Turkistanzaman ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Шымкент қаласының жеке сот орындаушылары тарапынан Жедел басқару орталығына айыппұл құны 6,5 млн теңгеге жеткен көлікті анықтап беру туралы сұраныс түскен. Ал, тәртіп сақшылары сол күні-ақ бейнебақылау камералары арқылы іс-шаралар кешенін жүргізіп, күмәнді көлікті Түркістан қаласындағы көшелердің бірінен тоқтатты. «Борышкердің автокөлігі…