4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +12°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады АЭС “Балхаш“: когда начнётся строительство и что нужно знать о будущем проекте «ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС» – ӘРБІР ӨҢІРДІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН СУ ҮНЕМДЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК ИНВЕСТИЦИЯ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРАТЫН ҚОЗҒАУШЫ КҮШ Глава государства принял основателя Network School Баладжи Шринивасана Юлия Кучинская: Рост городов должен сопровождаться развитием инфраструктуры Бота Елеусізова: Қазақстан жерасты суларының небәрі 3,5 пайызын пайдаланып отыр
Спорт

Рыбакина Уимблдондағы тарихи жетістігі үшін қанша ақша тапты?

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Уимблдондағы турнирдің жартылай финалына шыққаны үшін қомақты жүлдеге ие болады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі

23 жастағы Рыбакина карьерасында алғаш рет “Үлкен дулыға” турнирінің 1/2 финалына шығып, аустралиялық Айлу Томляновичті жеңді. Бұл нәтиже қазақстандық спортшыға 535 мың фунт (шамамен 298 миллион теңге) табыс әкеледі.

Енді әлемнің экс-бірінші ракеткасы румыниялық Симон Халепті жеңген жағдайда жүлде екі есеге – 1 миллион 50 мың фунтқа (шамамен 585 миллион теңге) артады. Турнир чемпионы екі миллион фунт (миллиард теңгеден астам) ақша алады.

Айта кетейік, Рыбакинаның Халеппен жартылай финалдық матчі бүгін, 7 шілдеде Нұр-Сұлтан уақытымен 20.00-де басталады.

 

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *