Бұрынғы қорғаныс министрі Бектанов қамауға алынды

ҚР Бас прокуратурасы бұрынғы қорғаныс министрі Мұрат Бектановтың қамауға алынғанын растады. Ол Қылмыстық Кодекстің 452-бабы, яғни биліктің әрекетсіздігі бойынша тергеліп жатыр. Айта кетейік, 19 қаңтарда Мемлекет басшысы экс-министрді сынап, орнынан босатқан еді. Тоқаевтың айтуынша, бұрынғы ведомства басшысы қаңтардағы қақтығыс кезінде ешқандай командирлік қасиет көрсетпеген.

Read More

Арыста 150 адамдық той тоқтатылды

Арыс қаласында 150 адам жиналған той анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz. Кешкі уақытта құрамында полиция қызметкерлері бар мобильдік топ орталықтағы тойханалардың бірінде 150 адамға дастархан жайылып, енді басталып жатқан тойды тоқтатты. – Ұйымдастырылған үйлену тойының иесіне айтып, басқа да қонақтардың тойханаға келмеуі хабарланды. Сонымен қатар заң талаптары бойынша тойхана иесі мен тойхана әкімшісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің…

Read More

Ордабасы ауданында жаңа мектеп салынуда

Түркістан облысы, Ордабасы ауданы Қараспан ауылдық округ тұрғындары үшін биыл жағымды жаңалықтармен басталды. Мәселен Мақташы елдімекенінде бой көтеріп жатқан су жаңа мектеп сөзімізге дәлел бола алады. Былтыр іргетасы қаланған білім ордасы жыл соңына дейін қолданысқа беріледі деп күтілуде. Сиымдылығы 200 орынға арналған нысан жер телімінің жалпы ауданы 2 га. НҰРБОЛ АШИРОВ, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ: – Білім…

Read More

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА $800 МЛН-ДЫҚ ИНВЕСТ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСУЫ МҮМКІН

Түркістан облысы инвестициялық жобалар тартуда жаңа серпін алды. Қытайлық алпауыт компания өңірде тыңайтқыш өндіретін зауыт салуға ниетті. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров ҚХР-ның ауыл шаруашылығы және тыңайтқыш өндірісі бойынша ең ірі компанияларының бірінің өкілдерімен кездесті. Келіссөздер барысында инвестиция көлемі 800 миллион АҚШ долларынан асатын ірі өндіріс жобасы талқыланды. Логистика, инженерлік инфрақұрылым мәселелері пысықталды. Түркістан облысы –…

Read More

Павлодар облысында қос азаматтығы бар әйел елден шығарылды

Павлодар облысында қос азаматтығы бар әйел елден шығарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ. Шарбақты ауданының полицейлері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде шетел азаматтығын алуды хабарламау фактісін анықтады. Қазақстан Республикасының азаматы 57 жастағы әйел Ресей Федерациясының азаматтығын алды, бірақ қолданыстағы заңнамада белгіленген мерзімде шетелдік азаматтығын алғаны туралы хабарламады. Шетел азаматшасына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 496-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік іс…

Read More

Кабул: ұшақтан адамдар құлап жатыр (видео) +18

Талибан (Қазақстанда тыйым салынған – ескерт.)  билікке келгеннен кейін Ауғанстан тұрғындары елден жаппай кетіп жатыр. Aśvaka ақпарат агенттігінің хабарлауынша, дүйсенбі күні таңертең АҚШ-тың С-17 әскери ұшағының бортына бір топ адам мінбекші болған. Адамдар ұшақтың қанаты мен шассиіне жармасқан. Куәгерлер түсірген бейнероликте ұшақ көтерілгеннен кейін бірнеше минут өткенде кем дегенде екі адамның құлағанын көруге болады.

Read More

Президент: «Қазақстан арқылы өтетін «Қытай – Еуропа» транзит дәлізінің жүк өткізу мүмкіндігі 5 есе артады»

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев өзара ынтымақтастықты одан әрі жандандырудың бірқатар басым бағыттарына тоқталды. – Қазақстан Қытайдың жақын көршісі және сенімді серіктесі ретінде Төраға Си Цзиньпин ұсынған «Бір белдеу, бір жол» жаһандық бастамасын қолдайды және оны жүзеге асыруға белсене қатысады. Қытай мен Еуропа арасында құрлық арқылы тасымалданатын жүктің 85 пайызы біздің жеріміз арқылы өтеді. Биыл «Достық…

Read More

Қай елдің баспасөзі мықты болса, сол елдің болашағы да мықты

Парламент Сенатының депутаты Нұртөре Жүсіп БАҚ өкілдерінің жалақысы мен мәртебесіне қатысты пікірін жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ. Қоғамның қызуын кім, не өлшейді? Менің жеке пікірім: журналистер, ақындар мен жазушылар, өнер адамдары осы қоғамда градусник рөлін атқаратын сияқты…Бәрі бірдей емес…Өте сезімтал, жүрегі ел, жер деп соғатын жандар қоғамның қайғысы мен қасіретін, орын алған олқылықтар зардабын, алда болатын…

Read More

Интернет-дүкендердегі алаяқтық: өзіңізді және жақындарыңызды қалай қорғауға болады

Интернет-сауданың жылдам дамуы, ыңғайлылығы мен қолжетімділігімен қатар, интернет-алаяқтықтың да қарқынды өсуіне себеп болуда. Алаяқтар заманауи технологиялар мен психологиялық әдістерді пайдаланып, азаматтардың жеке деректері мен ақшалай қаражатына қол жеткізу үшін түрлі схемаларды іске асырады. Мұндай қылмыстардың салдары тек қаржылық емес, моральдық тұрғыдан да ауыр болуы мүмкін. Сондықтан әрбір интернет пайдаланушы алаяқтықтың негізгі түрлерін біліп, олардан қалай…

Read More

Егіске жіберілген судың 40 пайызы далаға кетіп жатыр.

Егіске жіберілген судың 40 пайызы далаға кетіп жатыр. Бұл туралы премьер-министр Әлихан Смайылов мәлімдеді. Қазақстандағы 8 су шаруашылығы бассейнінің жетеуі бастауын трансшекаралық өзендерден алады. Яғни өзен суларының тең жартысына жуығы сырттан келеді. Сарапшылар 2040 жылға қарай Қазақстанда суды тұтыну көлемі 56 пайызға дейін өседі деп болжап отыр. Су тапшылығы жылына 12 текше шақырымға дейін жетуі…

Read More