Рәміздерді қорлағанға қандай жаза бар?

«Мемлекеттік туды қорлағандарға жазаны қатаңдату керек».  Сенатор Нұртөре Жүсіп палатаның жалпы отырысында премьер-министр Әлихан Смайыловқа осылай деп депутаттық сауал жолдады.   Мұндай ұсынысты “Ирина Кайратовна” тобының концертіндегі шуға байланысты жасаған. Осыдан кейін әншілердің бірі тек кешірім сұрап, айыппұл төлегенін айтты. Дегенмен депутат олардың жеңіл құтылып кеткенін айтып, мұндай оқиғалар үшін жауапкершілікті қатаңдату маңызды екенін жеткізді. Естеріңізде…

Read More

Түркістан мен Шымкентте алкоголь өндіретін жасырын цехтар анықталды

Түркістан облысында жалған есепке алу-бақылау таңбаларын қолдана отырып, контрафактілік алкоголь өнімдерін өндіретін жасырын цехтар анықталды. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің Telegram-каналы жазды, деп хабарлайды Тurkistanzaman ақпараттық агенттігі. Суррогат алкоголь өнімінің негізгі бөлігі көбінесе антисанитариялық жағдайда, астыртын цехтарда қолдан жасалған. Халықтың өмірі мен денсаулығы үшін аса қауіпті. Түркістан облысы бойынша ҚМА аумақтық департаментінің қызметкерлері жалған есепке…

Read More

“ҚазМұнайГаздың” бұрынғы басқарушы директорына іздеу жарияланды

Қаржы мониторингі агенттігі “ҚазМұнайГаз” ҰК АҚ-тың бұрынғы басқарушы директоры Ибулла Сердіге іздеу жарияланғанын айтады. “Қаржы мониторингі агенттігі “ҚазМұнайГаз” ҰК АҚ бұрынғы басқарушы директоры, 31.01.1976 жылы туған Серді Ибулла Жұмағұлұлына іздеу жариялады. Азамат Ибулла Серді адамдар тобымен алдын ала сөз байласу арқылы аса ірі мөлшерде бөтеннің сеніп тапсырылған мүлкін жымқырды деген күдікке ілінді”, – делінген хабарламада….

Read More

Елордада «Менің атым Қожа» кейіпкеріне ескерткіш орнатылды

Салтанатты іс-шара қалалық әкімдіктің қолдауымен «Жетісу» саябағында өтті. Ескерткіш ашу идеясының авторы – жазушы Жанболат Аупбаев. Ескерткіштің жалпы биіктігі – 183 см, қоладан және граниттен жасалған. Мүсінші Азамат Талапханның айтуынша, жұмыс үш айға созылды.

Read More

Үндістанда Абайға бюст қойылды

Үндістанның Нью-Дели қаласында Сан Мартин Парк скверінде қазақтың ұлы ойшылы Абай Құнанбаевтың бюсті салтанатты түрде таныстырылды. Іс-шара ҚР Премьер – Министрінің орынбасары-Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың, Үндістанның Сыртқы істер және мәдениет мемлекеттік министрі Минакши Лекхидің, сондай-ақ дипломатиялық корпус өкілдерінің қатысуымен өтті. Бақыт Сұлтанов Абай бюстінің орнатылуы екі ел арасындағы рухани ынтымақтастықты одан әрі нығайта…

Read More

Сауран ауданында мерекеге орай балаларға керекті заттар таратылды

Сауран даласы бүгін бүлдіршіндердің сыңғырлаған шат күлкісіне толды. Балаларды қорғау күніне орай  ауданға қарасты  12 ауылдан келген кішкентайларды мәслихат депутаттары мерекемен құттықтап,  сый-сияпат үлестерді. Думанға толы шара соңы концерттік бағдарламамен жалғасты. Шараның негізгі мақсаты балдырғандардың жүзіне шаттық сыйлау дейді ұйымдастырушылар. Айта кетейік, балаларды қорғау күні 72 жылдан бері Халықаралық деңгейде атап өтіліп келеді. Елімізде кең…

Read More

Қазығұрт ауданында спорт кешені ашылды

Түркістан облысының Қазығұрт ауданы Қызылқия ауылында жаңа спорт кешені ашылды. Ғимаратты ауыл тұрғыны өз қаражатына салған. Онда бір мезетте 100-ден аса адам спортпен айналысуына мүмкіндік бар. Кешенде 10 спорт түрімен шұғылдануға болады. Әсіресе бокс, фитнес залдары толық жабдықталған.  Нысанның ашылуына орай ауыл тұрғындары арасында ұлттық ойындар ойнатылды. Жігіттер кір көтеріп, қолкүрестен ең мықтыны анықтады. Нұрмаханбет…

Read More

Түркістан облысы бойынша референдумдық штаб төрағасы есеп берді

27 жылда 2-ші рет өткізілейін деп жатқан саяси науқанға санаулы күндер қалды. Түркістан облысында Референдумды насихаттау мақсатында арнайы штаб құрылып , барлығы 58 адам үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде.   Маңызды оқиғаға байланысты әлеуметтік сауалнама жүргізілген. Оған 2000-ға жуық респондент қатысып, 80 пайызы референдумға қатысуға ниет білдірген. Бүгінде 1600-ге жуық түрлі форматтағы кездесулер ұйымдастырылып, 300 мыңға жуық…

Read More

Кентау қаласында “City bike” іске қосылды

Кентау қаласында «CITY BIKE» жобасы қолға алынды. Енді қала тұрғындары мен қонақтары қолайлы уақытта велосипедті жалға ала алады. Жоба пайдаланушыларына жарты сағатқа дейін велосипед тебу  тегін. Екі дөңгелекті көлікті жалға алу 24 сағат бойы қолжетімді. «CITY BIKE»  жобасы 28-ші мамыр күні іске қосылды. Бұл қаладағы экологиялық ахуалды айтарлықтай жақсартып, қала тұрғындарын спортпен шұғылдануға ынталандыруға мүмкіндік…

Read More

Ақтауда жылу электр станциясынан өрт шықты

Маңғыстау облысында электор орталығы өртке оранды. Оқиға түнгі сағат 21 42 шамасында болған. Қазіргі таңда төтеншеліктер қызыл жалынды сөндірген. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ. Мамандардың айтуынша бұл оқыс жағдайдың қаланы сумен, электор энергиясымен қамтамасыз етуге кері әсерін тигізбейді. Тілсіз жауды ауыздықтауға 15 құтқару қызметкері мен 6 қызметкер жұмылдырылған. Ал кәсіпорыннан 4 адам, және 4 тәртіп…

Read More