4 қараша 2026, сәрсенбі ⛅ Түркістан +12°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады АЭС “Балхаш“: когда начнётся строительство и что нужно знать о будущем проекте «ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС» – ӘРБІР ӨҢІРДІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН СУ ҮНЕМДЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК ИНВЕСТИЦИЯ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРАТЫН ҚОЗҒАУШЫ КҮШ Глава государства принял основателя Network School Баладжи Шринивасана Юлия Кучинская: Рост городов должен сопровождаться развитием инфраструктуры
Басты жаңалықтар

Түркістан мен Шымкентте алкоголь өндіретін жасырын цехтар анықталды

Түркістан облысында жалған есепке алу-бақылау таңбаларын қолдана отырып, контрафактілік алкоголь өнімдерін өндіретін жасырын цехтар анықталды. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің Telegram-каналы жазды, деп хабарлайды Тurkistanzaman ақпараттық агенттігі.

Суррогат алкоголь өнімінің негізгі бөлігі көбінесе антисанитариялық жағдайда, астыртын цехтарда қолдан жасалған. Халықтың өмірі мен денсаулығы үшін аса қауіпті.

Түркістан облысы бойынша ҚМА аумақтық департаментінің қызметкерлері жалған есепке алу-бақылау таңбаларын пайдалана отырып, алкоголь өнімін өндіру бойынша екі цехтың қызметін тоқтатты. «Жүргізілген жедел-тергеу шаралары барысында Түркістан және Шымкент қалаларында орналасқан жалға алынған қойма үй-жайларында антисанитариялық жағдайда суррогат алкоголь өнімін өндіру бойынша екі жасырын цех ұйымдастырылғаны анықталды», – деп хабарлады Қаржылық мониторинг агенттігі.

 

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *