Жақсылық Шалабековтің ісі прокуратураға қайтарылды

Қарағанды облыстық соты Қарағанды әкімнің бұрынғы орынбасары Жақсылық Шалабеков пен кәсіпкер Ермек Қасеновке қатысты қылмыстық істі прокуратураға қайтарды. Іс материалында қылмыстық іс жүргізуде елеулі заң бұзу анықталды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Кассациялық сатыға Бас прокуратурадан наразылық келіп түсті. Жоғарғы cоттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Қазыбек би аудандық сотының үкімі мен Қарағанды облыстық соты қаулысының күшін…

Read More

120-дан аса мұғалім жалған дипломмен жұмыс істеп келген

Алматы облысындағы білім мекемелерінде 120-дан аса мұғалім жалған дипломмен қызмет атқарған, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс прокуратурасы баспасөз қызметіне сілтеме жасап. “Сарқан, Қарасай, Көксу, Ескелді аудандары мен Текелі қаласының орта мектептерінде 122 мұғалім жоғары оқу орындарының жалған дипломын пайдалану арқылы жұмысқа тұрғаны анықталды. Жалған құжаттар Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті атын пайдалану арқылы жасалған”, – делінген хабарламада….

Read More

Қазақстанға қант өткізбек болғандар ұсталды

Россельхознадзордың Омбы облысы бойынша басқармасы қызметкерлері ұн мен тыңайтқыш деген желеумен 60 тоннадан аса қантты заңсыз экспорттау дерегін анықтады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 2022 жылғы 6 шілдеде “Русско-Полянский” ФМК-да ақ қызылшаның кристалл қант партиясын (29,9 тонна) экспорттау тоқтатылды. Қант партиясы минерал тыңайтқышқа (карбамид) арналған құжаттарға сәйкес экспортқа шығарылған және “Карбамид” (Б сорты) деген жазуы бар ақ…

Read More

Кентаудың бұрынғы әкімі Даулет Махажанов сотталды

  Сот Кентау қаласының бұрынғы әкімін пара алғаны үшін кінәлі деп танып, 10 жылға бас бостандығынан айырды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Кентау қаласының экс-әкімі Дәурен Махажановқа қатысты үкім шығарды. Ол 366-баптың 4-бөлігі “Аса ірі мөлшерде пара алу” бойынша қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылды. “Сот Дәурен Сәбитұлы Махажановты 24-баптың…

Read More

Нұрлан Мәсімов шекарадан өтпек болған сәтінде ұсталды

Нұрлан Мәсімов шекарадан өтпек болған жерінен ұсталды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Антикор мәліметіне сілтеме жасап. “Биыл 13 шілдеде антикоррупиялық қызметі шекара қызметімен бірлесіп жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Шығыс Қазақстан облысының аумағында Ресей Федерациясымен мемлекеттік шекараны жалған құжаттар бойынша өту әрекеті кезінде Нұрлан Мырзаханұлы Мәсімовті ұстады”, – делінген хабарламада. Павлодар облысы Полиция департаментінің экс-бастығы аса ауыр коррупциялық қылмыс…

Read More

Тоқаев Путинмен телефон арқылы не талқылады?

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин екі ел арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайына көңілдері толатынын айтты. Қазақстан Президенті екі мемлекет арасындағы экономикалық, көлік-логистикалық қатынастардың өзекті мәселелерін шешуге бағытталған үкіметтердің өзара жедел іс-қимылына оң баға берді.

Read More

Маймыл шешегі Ресейде анықталды

Ресейде маймыл шешегінің алғашқы жағдайы расталды. Бұл туралы Роспотребнадзор мәлім етті, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ведомство мәліметінше, бұл ауру Еуропа сапарынан оралып, медициналық мекемеге жүгінген жас жігіттен анықталған. “Науқастан алынған биоматериалдар шұғыл түрде Роспотребнадзордың тиісті сараптама жүргізуге уәкілетті мекемесіне жіберілді. Биоматериалдарды зерттеу нәтижесі бойынша маймыл шешегі инфекциясы расталды. Науқас оқшауланған және инфекциялық профильді медицина…

Read More

Рыбакина жүлдесін қайрымдылыққа жұмсамақшы

Премьер-министр Әлихан Смайылов Уимблдон турнирінде тарихи жеңіске жеткен қазақстандық теннисші Елена Рыбакинамен кездесті, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Primeminister.kz сайтына сілтеме жасап. Үкімет басшысы Елена Рыбакинаға Қазақстан Президенті Жарлығымен спорттағы аса үздік жетістіктері және халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін берілген II дәрежелі “Достық” орденін табыс етті. “Барлық қазақстандық сіздің әлемнің ең атақты теннисшілерімен сайысыңызды бақылап отырды. Үлкен дулыға турнирінде жеңіске…

Read More

Түркістанда мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй алу жолдары артты

Жыл басынан бері өңірде 400-ден астам отбасы баспаналы болды. Өткен жылдың қорытындысымен Түркістан облысы бойынша 1670 отбасы жаңа пәтерде қоныс тойын тойлады. Өңірде тұрғын үй мәселелерін, оның ішінде алғаш рет жүзеге асып жатқан жалдау ақысын субсидиялау тетіктері туралы облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен апталық жиналыста талқыланды. Атқарылып жатқан жұмыс барысымен танысқан облыс басшысы бұл…

Read More

Түркістанда жаңа көпір ел игілігіне берілді

Қазығұрт ауданы, Тұрбат ауыл округі Өндіріс елді мекенінде жаңа көпір  пайдалануға берілді. Көпірдің ашылу рәсіміне аудан әкімі А.Абдуллаев, мәслихат хатшысы Ө.Көпеев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Омаров, Социалистік Еңбек Ері Т.Ағабеков және ауыл тұрғындары қатысты. Өндіріс елді мекені тұрғындарының қуанышында шек жоқ. Өйткені, Тастақсай өзенінен өтетін көпір Кеңес одағы кезінде асарлатып салынған болатын. Әр жылы көктемгі…

Read More