4 қараша 2026, сәрсенбі ⛅ Түркістан +12°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады АЭС “Балхаш“: когда начнётся строительство и что нужно знать о будущем проекте «ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС» – ӘРБІР ӨҢІРДІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН СУ ҮНЕМДЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК ИНВЕСТИЦИЯ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРАТЫН ҚОЗҒАУШЫ КҮШ Глава государства принял основателя Network School Баладжи Шринивасана Юлия Кучинская: Рост городов должен сопровождаться развитием инфраструктуры
Білім

120-дан аса мұғалім жалған дипломмен жұмыс істеп келген

Алматы облысындағы білім мекемелерінде 120-дан аса мұғалім жалған дипломмен қызмет атқарған, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс прокуратурасы баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

“Сарқан, Қарасай, Көксу, Ескелді аудандары мен Текелі қаласының орта мектептерінде 122 мұғалім жоғары оқу орындарының жалған дипломын пайдалану арқылы жұмысқа тұрғаны анықталды. Жалған құжаттар Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті атын пайдалану арқылы жасалған”, – делінген хабарламада.

Көрiнеу жалған құжатты пайдалану дерегі бойынша ҚР ҚК-нің 385-бабы 3-бөлігі бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

“41 маманға қатысты қылмыстық іс кінәларын мойындауына байланысты және “Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы” Заңына орай өндірістен тоқтатылды және олар қызметтен босатылды”, – деді баспасөз қызметіндегілер.

Прокуратура өкілдері 81 маманға қатысты қылмыстық іс тергеліп жатқанын айтты.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *