ТҮРКІСТАН: ШІРКЕЙГЕ ҚАРСЫ ШАРАЛАРДЫҢ НӘТИЖЕСІ БОЙЫНША ШТАБ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Түркістан облысында шіркейге қарсы атқарылып жатқан жұмыстардың барысы облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің қатаң бақылауында. Бүгін облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасовтың төрағалығымен шіркейге қарсы шаралар бойынша кезекті штаб отырысы өтті. Жиында ағымдағы жағдай, шіркейге қарсы қолданып жатқан препараттар және олардың тиімдігілі қаралды. Сондай-ақ, аудан әкімдіктерінің есептері тыңдалды. Жауаптылар залалсыздандыру жұмыстары жүргізілген ауылдарда дәрілеудің нәтижесімен бөлісті….