4 қараша 2026, сәрсенбі ⛅ Түркістан +12°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады АЭС “Балхаш“: когда начнётся строительство и что нужно знать о будущем проекте «ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС» – ӘРБІР ӨҢІРДІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН СУ ҮНЕМДЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК ИНВЕСТИЦИЯ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРАТЫН ҚОЗҒАУШЫ КҮШ Глава государства принял основателя Network School Баладжи Шринивасана Юлия Кучинская: Рост городов должен сопровождаться развитием инфраструктуры
Cаясат

Қарапайым азаматтар компания акцияларын иелене алады

Қарапайым азаматтар компания акцияларын иелене алуы керек. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Астана» халықаралық қаржы орталығын басқару жөніндегі кеңес отырысында осылай деді. Жиын барысында ел Президенті ұлттық компанияларды ІРО -ға шығару жұмыстарын маңызды міндет ретінде атады – деп хабарлайды Turkistan телеарнасы. 

Ол өз сөзінде елімізге жаңа әрі сенімді инвестиция көздері қажет. Ол үшін халықаралық депозиторлармен өзара тығыз ықпалдастық орнату керектігін жеткізді. Сондай ақ, Мемлекет басшысы орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу және «жасыл» жобаларды жүзеге асыру мәселесіне тоқталды. Оның айтуынша, былтыр орнықты қаржыландыру нарығының көлемі 500 есеге ұлғайған. Яғни 250 миллион доллардан асты.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

– Еліміздің қарапайым азаматтары Ұлттық компаниялардың акцияларын иеленуге және салымдарын өз дивиденттерін алуға мүмкіндігі болуға тиіс. Дәл осындай жолмен халықтың инвестициялық мәдениеті қалыптасады. ІРО-ға қатысу Қазақстанның барлық тұрғыны үшін қолжетімді болуы қажет. Ол үшін қағазбастылық пен бюрократияны болодырмайтын жаңа цифрлық шешімдер керек. 

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *