МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ!

Құрметті «Кітап оқитын ұлт» марафонының қатысушылары!

Қатысушылардың өтініштерін және кейбір кітаптардың электронды әрі өзге де форматтарда қолжетімділігін ескере отырып, марафонның кітаптар тізіміне өзгерістер енгізілді.

📖 Жаңартылған кітаптар тізімі марафонның ресми сайтында және жеке кабинеттеріңізде жарияланды.

Маңызды жайттарды еске саламыз:

🔹 Ұйымдастырушылар қатысушыларға кітаптарды таратпайды.
🔹 Әр қатысушы кітапты өзіне ыңғайлы форматта — электронды немесе басқа қолжетімді нұсқада оқи алады.
🔹 Марафон сайтында көрсетілген цифрлық платформаларға тіркелу — ерікті.

Кітап оқып, марафонға белсенді қатысып жатқан баршаңызға алғыс білдіреміз!

Ізгі ниетпен,
«Кітап оқитын ұлт» марафонының ұйымдастырушылары

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *