4 қараша 2026, сәрсенбі ⛅ Түркістан +11°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Uncategorized

КИБЕРАЛАЯҚТЫҚҚА ҚАРСЫ ПРОФИЛАКТИКА: ТҰРҒЫНДАРҒА ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

Келес аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері тұрғындарды интернет-алаяқтықтан сақтандыру мақсатында профилактикалық іс-шара өткізді.
Полицейлер аудан аумағындағы адам көп шоғырланатын орындардың бірі мешіттерді аралап, тұрғындармен кездесіп, «Кибералаяқтық: алдын алу, қорғау, жауапкершілік» тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу кезінде 200 –ге жуық тұрғынға интернет-алаяқтарының жиі қолданатын айла-тәсілдері туралы жан-жақты ақпарат беріліп, жеке деректерді, банк картасының нөмірі мен құпия кодтарын бөгде адамдарға бермеу, күмәнді сілтемелерге өтпеу, белгісіз нөмірлерден келген қоңыраулар мен хабарламаларға сақтықпен қарау қажеттігі түсіндірілді.
Сонымен қатар тұрғындарға кибералаяқтықтың алдын алу бойынша ақпараттық жадынамалар таратылып, алаяқтық әрекеттерге тап болған жағдайда дереу полицияға хабарласу қажеттігі ескертілді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі
ҚР Ішкі істер министрлігі / Министерство внутренних дел РК

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *