4 қазан 2026, жексенбі 🌧️ Түркістан +16°C
  • USD 447,73
  • EUR 502,98
  • CNY 66,78
  • RUB 5,35
Жедел
ТҮРКІСТАННЫҢ ТАРИХИ МҰРАСЫ ЖӘНЕ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ: ӨТКЕНДІ САҚТАУ – КЕЛЕШЕККЕ ЖОЛ AI & Digital Bridge 2026: в Астане обсудили развитие eGov 3.0 и будущее государственных услуг ТҮРКІСТАНДА «ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА – 2026» V ҰЛТТЫҚ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ AQ-DALA: УНИКАЛЬНЫЙ ФЕСТИВАЛЬ СРЕДИ БЕЛЫХ ПОЛЕЙ! AQ-DALA: АҚ АЛҚАПТАҒЫ ЕРЕКШЕ ФЕСТИВАЛЬ! Читающая школа Книги из списков проекта «Читающая нация» для 6–10 классов уже доступны на KITAP! Кітап оқитын мектеп «Кітап оқитын ұлт» жобасының 6–10-сынып оқушыларына арналған кітаптары енді KITAP-та! САУРАН АУДАНЫНДА АБАТТАНДЫРУ ЖӘНЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Басты жаңалықтар

КЕНТАУДА ҚАЛА КҮНІНЕ ОРАЙ ТЕННИСТЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АШЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ

Кентауда қала күніне орай «Айдар Строй Групп» компаниясының жүлдесіне ұйымдастырылып отырған үстел теннисінен «KENTAU CUP» ашық турнирі басталды. Аталған додаға еліміздің 6 облысынан және Түркістан облысының 10 аудан, қаласынан 300 жуық спортшы қатысуда. Жарыс 2-4 қазан аралығында өтеді.
Турнирдің ашылу салтанатына Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев арнайы қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі.
– «Қаратау тәжі атанған Кентау қаласы» күніне орай «Айдар Строй Групп» компаниясының жүлдесіне ұйымдастырылып отырған үстел теннисінен «KENTAU CUP» ашық турниріне қош келіпсіздер. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бұқаралық және балалар спортын дамытуға, спорт инфрақұрылымын жетілдіруге ерекше көңіл бөліп келеді. Кентау – еңбек пен бірлікті қадірлеген, талай дарынды азамат түлеп ұшқан құтты мекен. Қала күні аясында өтіп жатқан бүгінгі турнир спортшылардың шеберлігін шыңдап, жастардың спортқа деген қызығушылығын арттыра түседі деп сенемін. Бұл жарыс қатысушыларға өз мүмкіндіктерін көрсетуге, тәжірибе алмасуға және достық байланыстарын нығайтуға жол ашады. «KENTAU CUP» ашық турнирі достық пен әділ бәсекенің жарқын үлгісі болсын! – деді Ертай Кенжебекұлы.
Айта кетсек, Түркістан облысында 25 спорттық ұйымда 2 мыңнан астам спортшы үстел теннисімен тұрақты шұғылданады. Бүгінгі республикалық іс-шараның мақсаты – теннис спортын дамыту, спортшылардың шеберлігін арттыру және бұқаралық спортты насихаттау.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *