Түркістан облысының Келес ауданында «Әділет» партиясы облыстық сайлауалды штабының мүшелері тұрғындармен кездесті. Жиында партияның «Әділетті болашақ үшін» атты бес жылдық сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылды.
Кездесу барысында штаб өкілдері қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, тұрғын үй және жол инфрақұрылымын дамыту, ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлікті қолдау бағытындағы жоспарларды түсіндірді.
Сонымен қатар жұмыспен қамту, цифрландыру, білім беру, денсаулық сақтау, спорт және әлеуметтік қолдау салаларына қатысты міндеттер сөз болды. Мәдениет нысандарын жаңғырту, тарихи мұраны сақтау және экологиялық жағдайды жақсарту мәселелері де қаралды.
Штаб мүшелерінің айтуынша, бағдарлама өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған.
Жиын барысында аудан тұрғындарымен пікір алмасып, елді мекендердің дамуына қатысты ұсыныстар талқыланды. Кездесу соңында қатысушыларға алдағы мәслихат сайлауы туралы ақпарат берілді.