Талдықорған қаласында өз ісін нық қолға алып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашып жүрген кәсіпкерлердің бірі – Абылай Бекет. Ол – «Aquafish.tdk» қоғамдық тамақтану орталығының иесі, І топ мүгедектігі бар азамат. Абылай Бекет 2025 жылы Жетісу облысының әкімдігінен «Тәуелсіздік ұрпақтары» жобасы аясында 3 млн теңге көлемінде грант иеленіп, өз кәсібін бастауға мүмкіндік алды.
Осы қолдаудың арқасында сол жылдың қыркүйек айында «Aquafish.tdk» қоғамдық тамақтану орталығы өз жұмысын бастап, бүгінде Талдықорған тұрғындарына сапалы қызмет көрсетіп келеді. Кәсіпкер үшін бұл жоба тек жеке бизнес емес, еңбекке ұмтылудың, табандылықтың және мүмкіндікті дұрыс пайдаланудың жарқын үлгісі.
Бүгінде орталықта 4 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Абылайдың жетістігі қандай жағдай болмасын, мақсатқа ұмтылып, өз ісін бастауға және дамытуға болатынын көрсететін жақсы мысал. Мемлекеттік қолдау мен табанды еңбектің нәтижесінде «Aquafish.tdk» бүгінде қала тұрғындарына қызмет көрсетіп отырған кәсіпке айналды.
Бизнесу нет преград: успешная инициатива Абылая Бекета
В Талдыкоргане одним из предпринимателей, уверенно развивающих свое дело и открывающих новые возможности, является Абылай Бекет. Он — владелец заведения общественного питания «Aquafish.tdk», гражданин с инвалидностью I группы. В 2025 году Абылай Бекет получил грант в размере 3 млн тенге от акимата области Жетісу в рамках проекта «Ұрпақтар тәуелсіздігі». Благодаря этой поддержке предприниматель смог начать собственное дело. Уже в сентябре того же года заведение «Aquafish.tdk» начало свою работу и сегодня оказывает качественные услуги жителям Талдыкоргана.
Для предпринимателя этот проект — не просто собственный бизнес, а пример стремления к труду, настойчивости и умения использовать предоставленные возможности. Сегодня в заведении на постоянной основе работают 4 человека.
История Абылая показывает, что независимо от обстоятельств можно ставить перед собой цели, начинать собственное дело и развивать его. Благодаря государственной поддержке и упорному труду «Aquafish.tdk» сегодня стало действующим бизнесом, который создает рабочие места и оказывает услуги жителям города.