БІШКЕКТІҢ ЖҮРЕГІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАНДЫ БІР БӨЛШЕГІ

Бішкектегі Кемел Тоқаев атындағы №33 мектеп-гимназиясы – Қазақстан мен Қырғызстанның ортақ тарихын жалғап тұрған ерекше орын. Мектеп 1940 жылы ашылған. Ал 1941 жылы оның ғимаратында Фрунзе әскери жаяу әскер училищесі орналасып, соғыс жылдарында мұнда майданға аттанатын офицерлер даярланды. Осы жерден болашақ жазушы, журналист әрі майдангер Кемел Тоқаев та соғысқа аттанған. Бүгінде бұл ғимаратта балалар білім алып, тәрбиеленіп, болашаққа қадам басып келеді. Кемел Тоқаевтың есімі берілген мектеп – тарихи жадының, ұрпақтар сабақтастығының және Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы бауырластық достықтың символы.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *