Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Аймақ

Түркістанда жыл басынан бері 30 мыңға жуық азамат жұмыспен қамтылды

7 июня, 2022
in Аймақ
0
0
SHARES
20
VIEWS

Апталық аппарат отырысында Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев жалпыхалықтық референдумға қатысып, дауыс берген барша түркістандықтарға алғыс айтты. 5 маусымдағы сағат 22.00-дегі мәлімет бойынша Түркістан өңірінде сайлаушылардың 80,66%-ы өз таңдауын жасап үлгерген.  Бұл – республикадағы ең жоғары көрсеткіш.

Жиында бірқатар мәселе талқыланды. Биыл кәсіпкерлікті дамытуға арналған Ұлттық жобаның «Еңбек» бағыты бойынша 70 мыңнан астам азаматты қамту көзделген. Жыл басынан бері олардың 30 мыңға жуығы жұмыспен қамтылды. Аудан, қала бойынша жұмыспен қамту шараларын көрсету барысында Сауран, Төлеби, Бәйдібек аудандары төмен көрсеткіштерді көрсетті.  Бұл туралы Түркістан облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаева баяндады.

Мемлекет басшысының жыл сайын 10 мың тұрғынға 100 тұрақты жұмыс орындарын ашу жөніндегі тапсырмасы бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде. Осы ретте, облыстағы 820 мыңға жуық жұмыс күшін ескерсек, биыл 8 мыңнан астам нәтижелі тұрақты жұмыс орындарын ашу жоспарланды. Бүгінгі таңда аудан, қалаларда 4,2 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны ашылып отыр.

Жұмыспен қамту мәселелері бойынша атқарылған жұмыстардың нәтижесіне сәйкес аудан, қала әкімдерінің қызметін бағалау үшін рейтинг шығарылады. Мамыр айының соңынан бастап елімізде жұмыспен қамтудың өңірлік картасына бекітілген жобалардағы жаңа жұмыс орындары электронды еңбек биржасына енгізілуде. Осыған орай, 16 жоба енгізіліп, 154 бос жұмыс орны ұсынылды. Маусым айында бос орындар қатары 2 мыңға жуықтамақ.

Субсидияланған уақытша жұмыс орындарына жолдау жоспарланған 22 мыңға жуық адамның жартысынан астамы жұмысқа орналасты. Жаңа бизнес идеяларын дамыту үшін 3 мыңға жуық адамға гранттар беру жоспарланған. Жыл басынан бері ашылған 4 мыңнан астам тұрақты жұмыс орындарының 80%-ы жеке бастамалар аясында ашылуда. Сондай-ақ грант беру, білім беру саласындағы жобаларда тұрақты жұмыс орындары ашылған.

Облыс әкімі жұмыспен қамту ең бірінші мәселе екенін айта келе, аудан, қала басшыларына осы бағытта жұмысты жүйелеуді, жандандыруды тапсырды.

Алдыңғы жаңалық

Назарбаев референдумға қатысты

Келесі жаңалық

Қазақстанда алкоголь өнімдері арзан

Ұқсас жаңалықтар

Аймақ

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫДА ҮШ АУЫЛҒА ТАБИҒИ ГАЗ БЕРІЛДІ

30 мая, 2025
ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯ МЕН ҚХР КОМПАНИЯЛАРЫ АРАСЫНДА БІРҚАТАР СЕРІКТЕСТІК КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ
Аймақ

ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯ МЕН ҚХР КОМПАНИЯЛАРЫ АРАСЫНДА БІРҚАТАР СЕРІКТЕСТІК КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ

30 мая, 2025
ТҮРКІСТАННАН АҚМОЛАҒА: ЖӘРМЕҢКЕГЕ 200 ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ ТИЕЛГЕН КЕРУЕН ЖОЛҒА ШЫҚТЫ
Аймақ

ТҮРКІСТАННАН АҚМОЛАҒА: ЖӘРМЕҢКЕГЕ 200 ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ ТИЕЛГЕН КЕРУЕН ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

30 мая, 2025
ТҮРКІСТАН: ӨҢІРЛІК НЫШАН ЖОБАСЫ БОЙЫНША МӘЖІЛІС ӨТТІ
Аймақ

ТҮРКІСТАН: ӨҢІРЛІК НЫШАН ЖОБАСЫ БОЙЫНША МӘЖІЛІС ӨТТІ

30 мая, 2025

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

ШАРДАРА АУДАНЫНДА ӨТКІЗІЛЕТІН АПТАЛЫҚ ІС-ШАРАҒА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ТУРАЛЫ

18 июня, 2025

АУДАН ӘКІМІ ЕЛ ДАМУЫНА СҮБЕЛІ ҮЛЕС ҚОСҚАН АРДАГЕР АЗАМАТПЕН КЕЗДЕСТІ

18 июня, 2025

ЖЕРЛЕСІМІЗ АУДАНДЫҚ КІТАП ҚОРЫНА 100 КІТАПТЫ СЫЙҒА ТАРТТЫ

18 июня, 2025

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА «АНА МЕН БАЛА» ОРТАЛЫҒЫ ЖӘНЕ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ БОЙ КӨТЕРУДЕ

18 июня, 2025

ПРЕЗИДЕНТ ЕКІНШІ «ОРТАЛЫҚ АЗИЯ – ҚЫТАЙ» САММИТІНЕ ҚАТЫСТЫ

18 июня, 2025

МЕКТЕП БІТІРУШІЛЕРГЕ ҚАУІПСІЗ ОРТА ҚҰРУ МӘСЕЛЕСІ ҚОЗҒАЛДЫ

18 июня, 2025

ТҮРКІСТАН ӨҢІРІНДЕ ПРОБАЦИЯ ҚЫЗМЕТІ ЕСЕБІНДЕГІ АЗАМАТТАРДЫ ӨМІРГЕ ҚАЙТА БЕЙІМДЕУГЕ КҮШ САЛЫНАДЫ

18 июня, 2025

«ОРТАЛЫҚ АЗИЯ – ҚЫТАЙ» ИНДУСТРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ІІ ФОРУМДА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ МЕН ҚЫТАЙЛЫҚ ИНВЕСТОРЛАР АРАСЫНДА 7 МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ

18 июня, 2025

ТӨЛЕБИДЕ ЖЫЛЫНА 90 МЫҢ ДАНА ЖҰМЫС КИІМІН ДАЙЫНДАЙТЫН ТІГІН ФАБРИКАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

18 июня, 2025
Келесі жаңалық

Қазақстанда алкоголь өнімдері арзан

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ӘКЕЛЕР КҮНІНЕ ОРАЙ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН  МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

ТҮРКІСТАНДА ӘКЕЛЕР КҮНІНЕ ОРАЙ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

saqnews.kz
14 июня, 2025
0

ШАРДАРА АУДАНЫНДА ӨТКІЗІЛЕТІН АПТАЛЫҚ ІС-ШАРАҒА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ТУРАЛЫ

ШАРДАРА АУДАНЫНДА ӨТКІЗІЛЕТІН АПТАЛЫҚ ІС-ШАРАҒА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ТУРАЛЫ

saqnews.kz
18 июня, 2025
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz