НАТО-ҒА қосылуды талқыламақ

Швеция мен Финляндия делегациясы НАТО құрамына кіру мәселесін талқылау үшін Түркияға барды. АҚШ пен Еуропа елдері аталған мемлекеттердің ұйымға қосылуын қолдап отыр. Алайда Режеп Тайып Ердоған Швеция мен Финляндияның НАТО-ға кіруіне қарсы. Оған себеп екі елдің лаңкестік ұйымдарға қолдау көрсетуі дейді. Десе де, әскери одақтың бас хатшысы Йенс Столтенберг келіссөздердің сәтті боларына сенімді.

Йенс Столтенберг – НАТО бас хатшысы:
«Біз барлық келіспеушілектерді шешуге тырысамыз. Түркия стратегиялық маңызы зор одақтас ел. Блок лаңкестік топтарға қолдау көрсетуді құптамайды. Дегенмен ешбір ұлт бір-бірімен араздықта болмауы тиіс. Тараптар келісімге келіп, маңызды шешім қабылдайды деген ойдамын. Бәрін уақыт көрсетеді.»

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *