4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +11°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Спорт

Түркістан телеарнасы БАҚ өкілдері арасындағы спартакиада топ жарды

Түркістан телеарнасы БАҚ өкілдері арасындағы спартакиада топ жарды. Спорттық шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне 30 жыл толуына және «Бұқаралық ақпарат құралдары күніне» орай ұйымдастырылған.Осы жылы ғана ойын түрінің қатарына кірген қазақ күресінен 90 кг салмақта Айдос Игіліков қарсыластарын айқын басымдылықпен жеңді. Сондай-ақ, аса ауыр салмақта сайысқа түскен Бағлан Нұржанов жеңіске бір табан жақындап, 2-орын иеленді. 74 кг салмақта бақ сынаған Ердәулет Даханов 1-орынды иеленді. Дәл осы салмақта күш сынасқан Бақдаулет Ерланұлы қоланы қанағат тұтты.Ерлер арасында болған шахматтан Ғасыр Құралбайұлы 3-орынды иеленді. Мұнымен қоса, Сұлтанбек Құдайберген ерлер теннисінен 3-орынға жайғасты. Керемет ойын үлгісін көрсеткен тележүргізуші Рысгүл Досжанова әйелдер арасындағы теннистен 1-орынды иеленді.Осылайша, тартысқа толы спартакиада «Turkistan» телеарнасының қоржынын толтырды. Жүлделі орын алғандарға марапат қағаздары және медаль, ақшалай сыйлықтар табысталды. Ал 17-18 маусым күндері шағын футбол, волейбол және арқан тартумен жалғасады.

Ғалымжан Елшібай – ҚР журналистер одағы түркістан облыстық филиалының төрағасы:
«Төрешілер алқасының кеңесі 27 мамыр күні сағат 09:00-де өтеді. Жарыстың әділ өтуі үшін командалардың құрамын тексеру арнайы мандаттық комиссияға жүктеледі. Комиссия құрамын облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы, облыстық қоғамдық даму басқармасы мен Қазақстан Журналистер одағы Түркістан облыстық филиалының басшылары бекітеді».

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *